Ердос Төлегенов пен Людмила Утемуратова
Журналдың алғашқы саны қазақстандық мектептерге тегін таратылды. Алдағы уақытта ұстаздар мен оқушылармен кері байланыс болады деген үмітте басылым тобы. Екінші саны ақылы болады. Бағасы - 1290 теңге. Басылымға жазылуға болады.
Дереккөз: buro247.kz
Мектеп жасындағы балаларға арнап Қазақстанда тұңғыш рет ғылыми-танымдық журнал шыға бастады. Oyla жобасының мақсаты – оқушылардың ғылымға, өнертануға деген қызығушылықтарын туындату. Oyla қазақ және орыс тілдерінде ай сайын басылады. Тиражы - 20 мың дана.
Журнал балалар мен ата-аналарына қиын дүниелерді қарапайым тілмен жеткізетін үш топтамадан тұрады. Бірінші топтамада физика, химия, астрономия, география және өзге де мектеп пәндеріне қатысты танымдық материалдар енген. Екіншісінде - редакция мамандықтар, жаңа технологиялар, лингвистика, тарих, иенженерия туралы ақпараттармен қоса, ғалымдармен болған сұхбаттарды жариялайды. "Талапкердің жаттығулары" айдарында оқушылардың емтихан мен ҰБТ сынақтарын жақсы тапсыруына көмекші материалдар жарық көреді. Үшінші топтамада - спорт, хобби туралы мақалалар, тәжірибелер мен олардың сипаттамалары, ғылым жаңалықтар жария болады.
Басылым жұмыстарына журналистермен қатар, ғалымдар, отандық және шетелдік ЖОО оқытушылары, ең үздік деген суретші мен үйлестірушілер жұмылдырылды. Бас редакторы - Ердос Төлегенов, баспагер - Людмила Утемуратова.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024