Журнал балалар мен ата-аналарына қиын дүниелерді қарапайым тілмен жеткізетін үш топтамадан тұрады. Бірінші топтамада физика, химия, астрономия, география және өзге де мектеп пәндеріне қатысты танымдық материалдар енген. Екіншісінде - редакция мамандықтар, жаңа технологиялар, лингвистика, тарих, иенженерия туралы ақпараттармен қоса, ғалымдармен болған сұхбаттарды жариялайды. "Талапкердің жаттығулары" айдарында оқушылардың емтихан мен ҰБТ сынақтарын жақсы тапсыруына көмекші материалдар жарық көреді. Үшінші топтамада - спорт, хобби туралы мақалалар, тәжірибелер мен олардың сипаттамалары, ғылым жаңалықтар жария болады.
Басылым жұмыстарына журналистермен қатар, ғалымдар, отандық және шетелдік ЖОО оқытушылары, ең үздік деген суретші мен үйлестірушілер жұмылдырылды. Бас редакторы - Ердос Төлегенов, баспагер - Людмила Утемуратова.
Ердос Төлегенов пен Людмила Утемуратова
Журналдың алғашқы саны қазақстандық мектептерге тегін таратылды. Алдағы уақытта ұстаздар мен оқушылармен кері байланыс болады деген үмітте басылым тобы. Екінші саны ақылы болады. Бағасы - 1290 теңге. Басылымға жазылуға болады.
Дереккөз: buro247.kz