Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет "АрселорМиттал Теміртауға" қарызын төледі

Мемлекет "АрселорМиттал Теміртауға" қарызын төледі

Мемлекет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға ҚҚС бойынша 11,376 млрд теңге қарызды қайтарды деп хабарлайды  Қарағанды облысының мемлекеттік кіріс департаменті.

""АрселорМиттал Теміртаудың" қаржылай құжатын зерттей отырып, 11,376 млрд теңгені нақтыладық. Бұл сома компанияның банк есепшотына түсті. Қалған сома 624 млн теңге көлемінде әлі нақтыланған жоқ", - деп хабарланды департамент тарапынан. Олар мемлекеттің "АрселорМиттал Теміртауға" ҚҚС бойынша қарыз болуы туралы тексеріс ақпаннан мамыр аралығында жүргізілгендігін атап өтті. "Бұл 12 млрд теңге қарыз ретінде тіркелмеген не "АрселорМиттал Теміртау" оларға қажетті құжаттарды сақтамаған. Өз кезегінде, "Арселорға" толық құжаттар пакеті берілмеуі мүмкін",- деп түсіндірді ведомства. Осыған дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның бас директоры Виджай Махадеван мемлекет кәсіпорынға 12 млрд теңге қарыз деп мәлімдеген еді.

Похожие материалы