Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын Clearstream халықаралық есеп айырысу жүйесінде есептелетін бағалы қағаздар тізіміне қосу жобасының табысты іске асырды, деп хабарлайды Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова Қазақстанның нарығына арналған жаңа халықаралық желінің осыған дейін жария етілген жоспарларға сәйкес бүгін іске қосылатынын хабарлады. Жобаны аяқтау халықаралық қаржы нарықтарымен ықпалдасуды тереңдетуге мүмкіндік береді және қосымша портфельдік инвестициялардың ағынын қамтамасыз етеді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша Clearstream жүйесі арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыру мүмкіндігі халықаралық инвесторлардың Қазақстанның қор нарығына қолжетімділігін айтарлықтай жеңілдетуді білдіреді. Жобаны іске асыру Қазақстандағы қаржы нарығын дамытудағы жаңа кезең болып табылады", - деді Ә. Молдабекова.
Өз кезегінде, Clearstream Banking S.A қоса директоры Ф. Браун Қазақстанмен жаңа арнаның Clearstream үшін маңызды кезең екендігін атап өтті, себебі ол ТМД және Кавказ елдерінде ауқымды клиенттердің эмитенттерге қолжетімділігіне қатысты стратегиялық мақсатқа жауап береді. «Біз Қазақстан нарығының Clearstream халықаралық есеп айырысу инфрақұрылымына қосылуы шеңберінде Ситибанкпен ынтымақтаса жұмыс істеуге қуаныштымыз», - деп атап өтті компания өкілі.
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024