СҰРАҚ:
Банктен депозит ашайын деп едім, бірақ қазір банктер жиі бірігетін болып кетті. Жинаған ақшамнан айырылып қалмаймын ба? Мемлекет кепілдік береді деп естідім. Сол рас па?
Нұрлан, Қызылорда
ЖАУАП:
Нұрлан, біздің елімізде депозиттерге кепілдік беретін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) жұмыс істейді. Бұған 32 банк мүше. Яғни, банктердің барлығы бұл қордың мүшесі. Егер банк банкрот болған жағдайда салымшылардың депозиттерін төлеуді өз мойнына алады. Бұл қордың кепілдігі жеке тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің салымдарына және банк шоттарына, оның ішінде білім беру саласындағы салымдарға және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылысында жинақталған ақшаға беріледі.
Депозиттер және банк шоттары бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы:
- Ұлттық валютадағы депозиттер және банк шоттары бойынша – 10 миллион теңгеге дейін;
- Шетел валютасындағы депозиттер және банк шоттары бойынша – 5 миллион теңгеге дейін (салымшының бір банкте түрі мен валютасы әр түрлі бірнеше депозиттері және банк шоттары бар болса, кепілдіктің ең жоғары сомасы 10 миллион теңгеден аспайды).
Егер депозиттерге қатысты сұрақтарыңыз болса, 2016 жылғы қарашада іске қосылған «ҚҰБ Online» ұялы қосымшасын дүктеп алып, «Депозиттер бойынша кепілдік» деген бөлімнен кез-келген сұраққа жауап алсаңыз болады.
«ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын мемлекеттік тілде және орыс тілінде iOS және Android платформаларында App Store және Play Market дүкендерінен жүктеп алуға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024