Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 43,7 млрд теңге әлеуметтік төлем жасады

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 43,7 млрд теңге әлеуметтік төлем жасады
Алматы. 30 сәуір. 7kun.k - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) 2018 жылдың І тоқсанында өзінің әлеуметтік төлем алушыларына 43,7 млрд теңге төледі деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде ең көп төлемдер ана мен баланы қолдауға бағытталды. 51 мыңға жуық әйелге жүктілігіне және босануына байланысты демалыс ақысы төленді, ал 1 жасқа дейінгі бала күтіміне қатысты 250 мың азамат төлем алды. Бұл мақсатқа жалпы 37,7 млрд теңге жұмсалды.

Сонымен қатар, алғашқы тоқсанда 71,5 мың адам еңбекке жарамсыз жағдайы бойынша, 40 мың адам – ата-анасынан немесе олардың біреуінен айырылған балаларға, 14 мың адам – жұмысынан айырылуына байланысты төлемдер алды. Оғған 6 млрд.теңге бөлінді.

Бұл төлемдер жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен төлейтін әлеуметтік аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымдардың мөлшері 5 пайыздан 3,5 пайызға төмендеді.

Похожие материалы