Экономика
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 43,7 млрд теңге әлеуметтік төлем жасады
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде ең көп төлемдер ана мен баланы қолдауға бағытталды. 51 мыңға жуық әйелге жүктілігіне және босануына байланысты демалыс ақысы төленді, ал 1 жасқа дейінгі бала күтіміне қатысты 250 мың азамат төлем алды. Бұл мақсатқа жалпы 37,7 млрд теңге жұмсалды.
Сонымен қатар, алғашқы тоқсанда 71,5 мың адам еңбекке жарамсыз жағдайы бойынша, 40 мың адам – ата-анасынан немесе олардың біреуінен айырылған балаларға, 14 мың адам – жұмысынан айырылуына байланысты төлемдер алды. Оғған 6 млрд.теңге бөлінді.
Бұл төлемдер жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен төлейтін әлеуметтік аударымдар есебінен жүзеге асырылады.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымдардың мөлшері 5 пайыздан 3,5 пайызға төмендеді.