Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Мен сенімен біргемін» Орталығы онкологиялық ауруы бар балаларға көмек көрсетуге шақырады

«Мен сенімен біргемін» Орталығы онкологиялық ауруы бар балаларға көмек көрсетуге шақырады

Балаларды даму және психологиялық қолдау көрсету бағытындағы «Мен сенімен біргемін» орталығы онкологиялық ауруы бар балаларды  шақырады.

Диагноз қойылған сәттен бастап балалар ата-аналарымен және дәрігерлермен бірге осы сырқатымен күреседі. Ұзақ уақыт бойы емделу курстарынан өту, операция, операциядан кейінгі кезең балалар мен ата-аналардың күші мен уақытын алады, отбасында әлеуметтік-психологиялық ахуал нашарлайды, балалар сырқаттануына байланысты мектепке, қоғамдық орындарға бара алмайды, олардың қоғамдық өмірге араласуына, үйірмелер мен секцияларға, студияларға қатысуына мүмкіндіктері болмайды. Осындай жағдайларға байланысты, балалардың көбісі күйзеліске түсіп, еңсесі басылады, толық сауығу сәттілігі азая түседі. Біздің «Мен сенімен біргемін» Орталығы күрделі жағдайға душар болған балалар мен ата-аналары үшін жәрдемші әрі қолдау көрсетеді.

Балалар мен ата-аналарының  бастарына түскен ауыр  сынақпен бетпе-бет жалғыз қалуын біз қаламаймыз.

«Мен сенімен біргемін» Орталығы балалар өмірін құтқару үшін көмек беруші және ауруды жеңіп шығуына жәрдемдесуші! Бұл ата-аналарына көмек көрсету, олардың жұмысқа кірісуіне және материалдық жағдайын түзеуіне мүмкіндік беру.

Онкологиялық ауруы бар балаларға психологиялық қолдау мен әлеуметтік бейімдеу: балалар психологтары – әдіскерлер орталықта балалармен екі тілде дәрістер өткізеді: арт-терапия, музыка сабақтары, ағылшын тілі мен математика ойын түрінде, шахмат мектебі, көркем өнер студиясы, балалар театры, спорт және би терапиясы, үй тапсырмаларын дайындау.

«Мен сенімен біргемін» Орталығында балалар  дүйсенбіден бастап жұманың соңына дейін бола алады, тәулік бойына қалдырып кетуге де болады!

Орталықта бес рет тамақ беріледі, күндізгі ұйқы режимі бар. Ұжымда кәсіби шеберлігі шыңдалған маман әдіскерлер, психологтар  жұмыс істейді, күні бойы мейірбике кезекшілік етеді! Өз балаларыңызға ауыр науқасын жеңуіне жәрдемдесіңіз! Бұл оларың үйі, әрі бұл үйде олар бақытты болады! Біздің Орталық – бұл сіздің ата-анаңызға көмегіңіз! Бұл сіздің денсаулығыңыз және сіздің амандығыңыз! БІЗДІҢ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТЕГІН!!! Бізбен байланыс:   +7-727- 266-36-36,  СОТ. +7- 771-492- 5353,   + 7 -707-492-5352, + 7-705-876-1111 Біздің сайтымыз: http://detskyhospis.kz Әлеуметтік желілердегі парақшамыз:

http://www.facebook.com/centreyastoboi

Редакциядан

Құрметті оқырман!

Әртүрлі ресурстарда  емделу үшін немесе жағдайы төмен отбасыларға көмектесуді  сұраған ақпараттарды жиі көреміз.

Біздің редакциямызға да ондай хаттар жиі келеді.

Мұқтаж жандарға ақпараттық тұрғыдан көмектесу және көмекке мұқтаж  жандарды  бір ресурсқа топтастыру мақсатымен осы айдарды ашуды жөн деп санадық.

Егер әлеуметтік желі, сайттардан көмек сұраған хабарландыру көрсеңіз немесе өзіңіз мұқтаж болсаңыз толық мәліметтерді  (сурет, не үшін қажеттігін көрсетіп, қаражат аударуға қажетті реквизиттерді, байланыс мәліметтері) көрсетіп  info@7kun.kz почтасына немесе +7 700 973 83 77 нөміріне whatsapp арқылы жіберуді сұраймыз.

Қазіргі кезде шын мұқтаждардан бөлек, түрлі алаяқтық оқиғалар көбейгендіктен мәліметтер редакция тарапынан тексеріліп барып жарияланады.

Мәлімет сайтпен қатар әлеуметтік желідегі парақшаларға да салынады.

Әлеуметтік жобалармен айналысатын түрлі компанияларға жіберіледі.

Редакция қаржылай көмек көрсетпейді. Сіздің ақпаратыңызды ары қарай тарату үшін жариялайды. Редакция қайырымды жандардың қаражатын қабылдамайды. Мұқтаж адамға көмекті көмек сұраған адамдардың реквизитіне тікелей жіберуіңізді сұраймыз.

Редакция мұқтаж жандар туралы қосымша ақпарат бермейді. Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс нөміріне тікелей жіберуіңізді сұрайды. Редакция әлеуметтік желідегі көмек сұраған хабарландыруларды тексеріп, көшіріп басады.

Егер ол хабарландыру маңызын жойса, көмек қажет емес болса, сайттағы ақпарат қате болса info@7kun.kz почтасына немесе +7 700 973 83 77 нөміріне whatsapp арқылы ескертуді сұраймыз.

Похожие материалы