Алматы. 24 маусым. 7kun.kz — Microsoft компаниясының ең басты қателігі - Google мобильдік құрылғыларына арналған операциялық жүйелер нарығына жол беруі, деді Билл Гейтс. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.
Microsoft негізін қалаушы бағдарламалық қамтамасыз ету саласында "жеңімпаз бәрін алады"принципі бойынша жұмыс істейтін бірнеше нарық қалыптасқанын түсіндірді. Осындай нарықтардың бірі мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер болды.
"Менің ақылсыз басшылығымның себебінен болған ең үлкен қателік – бұл Microsoft-тың Android сияқты, яғни, Apple-дан өзгеше стандартты мобильді платформа болу мүмкіндігін жіберіп алуы. Ал Microsoft үшін бұл нарықта жеңімпаз болу табиғи болар еді… Apple-ге тиесілі емес бір ғана операциялық жүйе үшін орын бар және оның құны қандай? 400 доллар, оны Microsoft емес, Google компаниясы алды", - деді Билл Гейтс.
Қаңтар айында Microsoft корпорациясы Windows 10 Mobile операциялық жүйесі үшін жаңартулардың шығарылымы 2019 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жариялады. Осылайша, компания мобильді құрылғыларға арналған меншікті операциялық жүйені дамыту жөніндегі жоспарлардан бас тартты
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024