Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Михаил Ломтадзе қолма-қол емес төлемнің өсімі туралы пікір білдірді

Михаил Ломтадзе қолма-қол емес төлемнің өсімі туралы пікір білдірді

Бүгін Kaspi.kz басшы қолма-қол емес төлем туралы пікір білдіріп, оның өсімі маңызды екенін айтты.

«Біздің ережеміз қарапайым. Қазақстанға және қазақстандықтарға жақсы нәрсенің бәрі Kaspi.kz-ке де жақсы. Қазіргі кезде қолма-қол емес төлемдер теңдессіз жылдамдықпен өсуде. Биыл өсім 2 еседен жоғары. Қыркүйек айында Қазақстан тарихында бірінші рет қолма-қол емес төлем үлесі 50% асты. Әрқайсымыз оның ыңғайлы екенін сезіндік, енді көбіне төлем карталарымен, ұялы қосымшамен төлейміз, банкоматты аз қолданамыз. Бұл жылдам қолма-қол экономиканы қолма-қол емес экономикаға айналдырудың ең табысты үлгісінің бірі. Бұл жетістікті қазақстандықтардың өзі қалыптастыруда. Мұнымен мақтану керек!» - деді Михаил Ломтадзе.

Оның айтуынша қолма-қол емес төлемнің артықшылықтары көп. Көлеңкелі экономика үлесі төмендеп, экономика өседі, ІЖӨ-нің өсуі мен салық түсімінің артуына, жемқорлықтың азаюына үлес қосады. Ең бастысы азаматтардың өмір сүру сапасы мен стандарттары жақсарады.

«Мемлекеттің микро және орта бизнесті 3 жылға салықтан босатуы қолма-қол емес төлемнің өсіміне серпін береді. Қазір біз мемлекеттік органдармен қолма-қол емес өсімді жетілдіріп, төлем қабылдау инфрақұрылымын дамытуды талқылаудамыз. Мұның барлығын бюджеттен бір тиын алмастан, жылдам әрі тиімді жасау керек. Біз Қаржы министрлігімен бірлескен пилоттық жоба дайындаудамыз. Жоба аясында біз өз қаржымызға POS-терминал мен бақылау кассасын біріктіретін, түрлі құрылғылардың басын қосқан замануи технологиялық шешім ұсынамыз. Мұның барлығы кәсіпкерлерге тегін беріледі», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев шағын бизнес саласындағы қаржы айналымын тіркеу шаралары қарастыратыны туралы айтқан еді. "Kaspi Bank онлайн аударымдарды ұялы қосымша арқылы бақылаудың механизмін жасауда, алдағы уақытта мұндай аударымдар мемлекеттік кірістер комитетінің талабына сай болады", деген еді Руслан Еңсебаев.    

Похожие материалы