Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Миллениалдардың Трампты қолдамау себебі

Миллениалдардың Трампты қолдамау себебі
Америка Құрама Штаттарындағы негізгі саяси суайырық партиялар немесе штаттар арасында емес, ол ұрпақтар арасында болып табылады. Миллениалдар буыны (18-35 жастағылар) Дональд Трампқа белсенді түрде қарсы дауыс берді және оның саясатына қарсы негізгі топты құрайды. Егде американдықтар арасында біраз келіспеушілік болса да, Трамптың базасы 45 жастан асқан адамдардан тұрады. Жас сайлаушылар барлық мәселелер бойынша Трампты қолдамай, оны болашақтың емес, бұрынғының саясаткеры деп қабылдайды.

Әрине, бұл абсолют деректер емес, орташаландырылған сандар болып табылады. Дегенмен, сандар буын арасындағы айырмашылықты растайды. Экзитполдар нәтижесі көрсеткендей, Трампқа сол 45 және одан жоғары жастағылардың 53%-ы дауыс берді; 30-44 жастағы сайлаушылардың 42%-ы және 18-29 жастағылардың тек 37%-ы дауыс берді. 2014 жылы жасалған сауалнама бойынша, миллениал өкілдерінің 31%-ы өздерін либералдар деп көрсетті, салыстырмалы түрде қарасақ, “бэйби-бумерлердің” (сауалнамаға қатысқан 50-68 жас аралығындағы азаматтар) 21% -ы және үнсіз ұрпақтың (69 және одан жоғары жастағылар) тек 18% -ы өздерін либералдар ретінде анықтады.

Бұл жердегі маңызды ой - ол бүгінгі жас либералдар ертең егде консерваторлар болады деген емес. Миллениалдар олардың жасындағы “бэйби-бумерлер” және үнсіз ұрпақпен салыстырғанда әлдеқайда либералды. Олар сондай-ақ аса партиялық емес, және басты екі партиядан бөлек үшінші тараптан да шыққан, олардың құндылықтарына сәйкес және қажеттіліктерін шешетін саясаткерлерді қолдайтын болады.

Жастар және егделердің саяси көзқарастарында кем дегенде үш үлкен айырмашылық бар. Біріншіден, жастар егде буынға қарағанда әлеуметтік тұрғыдан либералдырақ. Олар үшін, Америкадағы өсіп келе жатқан нәсілдік, діни, жыныстық плюрализм үлкен мәселе болып табылмайды. Афроамерикандықтар, латынамерикандықтар, азиялықтар, ақ нәсілділер, байырғы тұрғындар мен иммигранттардан тұратын алуан түрлі қоғам, олар бұрыннан білген елдің қоғамы, және өткен шақтан келген драмалық өзгеріс емес. Олар лесби, гей, транс, би, интер, пан тәрізді жыныстық және гендерлік санаттарды қабылдайды, ал бұл олардың әжелері (Трамптың замандастары) үщін белгісіз немесе шын мәнінде, тыйым болған.

Екіншіден, жастар бұрын-соңды болмаған ақпараттық революцияның экономикалық қатерлерімен бетпе-бет келіп отыр. Олар нарықтық табыс еңбектен капиталға қарай тез ығысу кезеңінде еңбек нарығына кіріп жатыр (роботтар, жасанды интеллект, және ақылды машиналар). Бай егде жастағы адамдар, керісінше, сол технологиялық революциядан туындаған қор нарығындағы серпілістен қуана пайда көруде.

Трамп өз үкіметіндегі көпшілік қарт байларға пайдалы болатын корпоративтік салықтар мен мүлік салықтарының төмендетуін ұсынуда, бірақ үлкен бюджет тапшылығы есебінен жастардың жағдайы қиын болады. Шын мәнінде, жастарға қарама-қарсы саясат қажет:

жоғары білімді, кәсіптік тәжірибе алуды, жаңғырамалы энергия инфрақұрылымы және басқа да Американың болашағына арналған инвестицияларды қаржыландыру үшін аға буын байлығына салынатын жоғары салықтар керек.

Үшіншіден, олардың ата-аналары, әжелері мен аталарына қарағанда, жастар климаттың өзгеруі және оның қауіп-қатерлері туралы әлдеқайда хабардар болып табылады. Трамп қазба отын арқылы аға ұрпақты қызықтырып тұрғанда, жастар оған мүлде қызықпайды. Олар таза энергияны талап етеді және олар өз балалары мен олардың мұрасы болатын Жерді бұзуға қарсы күресуге де дайын.

Жаһандық жылыну бойынша ұрпақтардың келіспеуі көптеген егде американдықтардың, соның ішінде Трамп та бар, климаттың өзгеруі және оның себептері туралы надандығына байланысты. Егде Американдықтар мектепте климаттың өзгеруі туралы оқыған жоқ. Олар парниктік газдардың негізгі ғылымы да туралы ешқашан оқымаған. Сондықтан олар өз қысқа мерзімді қаржылық мүдделерін өздерінің немерелеріне түсетін қорқынышты қауіп-қатерлерден алға қоюға дайын.

2015 жылы маусым айында алынған сауалнама бойынша, 18-29 жастағылардың 60%-ы адами істер жаһандық жылынуды тудыратынын атап өтті, ал 65 және одан жоғары жастағылардың 31% -ы ғана солай жауап берді. Қаңтар айында жасалған сауалнама американдық респонденттердің 65 және одан жоғары жастағыларының 38%-ы және 18-29 жастағылардың тек 19% -ы жаңартылатын энергетикаға қарағанда қазба отын жағуды кең қолдануды қолдады.

Трамптың экономикалық саясаты осы қарт, ақ нәсілді Американың байырғы тұрғындарына бағытталған. Ол жоғары қарызбен бар ауыртпалықты жастарға түсіре отырып, егде байлар үшін салық қысқартуларын құптап отыр. Ол студент қарызының 1 трлн доллар екеніне немқұрайлы қарайды. Ол еркін сауда мен НАФТА туралы 1990 жылдары болған пікірталастарды қайталағанша, робототехника мен жасанды интеллекттен болған жиырма бірінші ғасырдағы жұмыс орындар туралы мәселені шешуі әлдеқайда маңыздырақ. Және оны болашақ экологиялық апат есебінен Американың көмір, мұнай және газ қорларын бірнеше жыл қысып пайда табу алаңдатады.

Трамптың кертарпа менталитетін оның жасына байланысты деп ойлауға болар еді. 70 жастағы Трамп ең егде президент болып тұр (1981 жылы билік басына келген кезде Рональд Рейган одан сәл жастау болды). Дегенмен жас мұнда жалғыз немесе тіпті негізгі фактор болып табылмайды. Өйткені, Берни Сандерс, барлық 2016 жылғы президенттікке кандидаттардың ішінде сергек ақыл иесі мен мыңдаған жас сайлаушылардың батыры - 75 жаста. Жастар, 80-дегі Рим Папасы Францискіне де қуана қолдайды, себебі ол жастардың кедейшілік, жұмыспен қамту қиындықтары, немесе жаһандық жылыну қатерлері тәрізді мәселелерін моральдық тұрғыдан түсіндіреді, Трамп және ол тектес тәрізді өрескел цинизммен оларды қағып тастамайды.

Мұнда негізгі мәселе хронологиялық жасы емес, менталитет және саяси бағдар болып табылады. Трамп тарихтағы президенттердің ішінде ең қысқа болжау шегі (және зейін сақтауы) бар тұлға. Және ол жаңа технологиялар, еңбек нарықтарының ығысуы, және зор студенттік қарызбен арпалысқан жас ұрпақтың шын қиындықтарын білмейді. Мексика және Қытаймен сауда соғыстары, немесе мұсылман мигранттарына тыйым салу сияқты қате шешімдер олардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандырмайды.

Трамптың саяси жеңісі бетбұрысты нүкте емес, өксік болып табылады. Бүгінгі миллениалдар, олардың болашаққа бағдарланған жоспарларымен жақын арада америкалық саясатта үстем болады. Америка жаңа технологияның экономикалық пайдасын әлдеқайда әділ бөлісетін, көпұлтты, әлеуметтік тұрғыдан либералды, климатқа саналы қарайтын ел болады.

Тым көп бақылаушылар АҚШ Конгресіндегі дәстүрлі партиялық келіспеушіліктерге тым көп көңіл бөліп жатыр, оның орнына көп ұзамай шешуші болатын тереңірек демографиялық өзгерістерге назар бөлінуі керек. Сандерс миллениалдарға тартымды болған қуатты базасымен Демократиялық партиядан президенттікке кандидат болуға жақын болды (жалпы сайлауда да табысты жеңіске жете алар еді). Олардың уақыты өздері 2020 жылы қолдайтын президенпен де келіп қалар.

Автор туралы: Джеффри Д. Сакс тұрақты даму мәселелері профессоры, денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасының профессоры, және Колумбия университетінде Жер институтының директоры болып табылады. Ол сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты даму шешімдер желілерінің директоры болып қызмет атқарады.

 

Похожие материалы