Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

MINI кабриолеті шығарылымға дайын

MINI кабриолеті шығарылымға дайын

Ғаламторда жаңа буынды британдық хәтчбектің ашық нұсқасының патенттік бейнелері пайда болды.

Екі есікті, төрт орынды бұл көліктің жиналатын маталы үсті және 3-5-есікті алдыңғы "ағаларынан"  алынған моторы болады. Платформасы UKL1. Бұл үш цилиндрлі 1.5-литрлік және төрт цилиндрлі 2.0-литрлік бензинмен жұмыс істейтін турбоагрегаттар, сондай-ақ 1.5-литрлік дизель. Аңызға айналған бұл машина ұнатушылары үшін ең күтіліп отырған нұсқа - John Cooper Works. Ол қазіргі уақытта Швецияда қысқы тестілеуден өтіп жатыр. Бұл "жүйрік" MINI 228 а.к. дейін үдейтін 2.0-литрлік бензин қозғалтқышпен жабдықталмақ. Берілісі 6-сатылы "механика", не болмаса "автомат" түрінде келеді. Жаңа көліктің нақты шығатын мерзімі әлі хабарланбады. Ақпарат көзі: auto.lafa.kz

Похожие материалы