Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай Иран төңірегіндегі шиеленіске байланысты қымбаттайды

Мұнай Иран төңірегіндегі шиеленіске байланысты қымбаттайды

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz — Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 65 доллар белгісінен асып түсті.

Тамыз фьючерстерінің құны бір баррель үшін 65,44 долларды құрады. Әлемдік шикізат бағасы Иран төңірегіндегі шиеленіс жағдайында өсуде.

Бұған дейін Иранның әскері АҚШ-ның ұшқышсыз ұшағына оқ жаудырған болатын.

Маусым айында діни көшбасшы Сейед Али Хаменеи қара алтынның құны Америка мен олардың одақтастары үшін "төзімсіз" деңгейіне дейін күрт көтеріліп, Парсы шығанағында "бірінші оқ" шығарылған жағдайда барреліне 100 доллардан асып түседі деп болжады.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік банк сарапшылары 2019 жылы мұнайдың орташа бағасы барреліне 66 доллар құрауы мүмкін деп күтіп отыр. Қаржы құрылымында шикізат нарығына ОПЕК және оның серіктестерінің 2019 жылдың II жартысына мұнай өндіру жөніндегі келісім туралы шешімі әсер ететінін атап өтті. Өз кезегінде ОПЕК ақпаратына сәйкес, 2019 жылы Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 70 мың баррельге қысқартуы мүмкін. Сонымен қатар, картель мен оның одақтастарының келесі кездесуі шілде айының басына жоспарланған.

Похожие материалы