Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай Дохадағы кездесу нәтижесіне күмәнмен қараушылардың көптігіне байланысты арзандауда

Мұнай Дохадағы кездесу нәтижесіне күмәнмен қараушылардың көптігіне байланысты арзандауда

Мұнай Дохадағы кездесу нәтижесіне күмәнмен қараушылардың көптігіне байланысты арзандауда, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Сонымен Brent маркалы мұнайдың маусым айына арналған фьючерс бағасы ICE Futures лондондық қор биржасында Астана уақытымен 11:00-де 1,3%-ға төмендеп, барреліне 43,59 доллар болды.

Ал WTI мұнайының фьючерстік баға белгіленімі Нью Йорктың тауарлық биржасында (NYMEX) 1,2%-ға төмендеп, барреліне 41,27 доллар болды.

Сарапшылардың айтуынша, Доха келісімі туралы ақпарат тарамай мұнай нарығындағы тұрақсыздық жалғаса береді.

Ал АҚШ-тың Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, өткен апатада елдегі мұнай қоры 6,63 млн баррелге артқан. Сарапшылар көрсеткішті орташа есеппен 1 млн баррелге ғана көтеріледі деп болжаған.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы болса (ОПЕК) картелге мүше емес елдердегі шикізат көлемі өте жылдам қысқарып жатыр дегенді айтады. Ұйымның болжауынша, осы жылы ОПЕК-ке мүше емес елдерде мұнай көлемі жылына 730 мың баррелге, ал тәулігіне 56,39 млн баррелге қысқарады.

Ал ұйымға мүше елдерде керісінше, ақпан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда наурызда тәулігіне өндірілетін қара алтын көлемі 15 баррелден 35 баррелге дейін артқан. Наурыз айында шикізат өндірісін Иран, Ирак және Ангола елдері арттырса, БАӘ, Ливия мен Нигерияда төмендеген.

Похожие материалы