Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мыңнан астам қазақстандық жалған желілік маркетингке алданып қалған

Мыңнан астам қазақстандық жалған желілік маркетингке алданып қалған

Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - «Ақжол» әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы атты жалған қор құрып (қордың ешқандай құжаты жоқ, сөз жүзінде ғана), жағдайы төмен отбасыларды "баспанамен қамтамасыз етпек" болған үш әйел сотталды. Бұл туралы Nur.kz порталы хабарлады.

«Алматыдан арзан пәтер алып берем» деп 1500-ге жуық қазақстандықтың ақшасын алып кеткен алаяқтардың арбауына туыстары да ілігіп қалған. Жәбірленуші Манькеев Т.А. 2014 жылдан бастап желіге - 200 танысын әкеліп кіргізеді. Олардың ең азы 100 доллар, ал үш бөлмелі пәтер алғысы келгендер 5 миллион теңгеден төлегенін айтады.

Куәгерлердің сөзінше, желілік маркетингтің кеңсесі қаладағы «Квартал» сауда үйінде орналасқан. Жәбірленушілер берген қаржыларын растайтын құжат та алмаған.

Алаяқтар 2,5 жылдан соң ғана қолға түсіп, Алматы қаласы Наурызбай ауданының судьясы Каисинаның үкімімен әрқайсысы 5-8 жылға сотталып, алған ақшаларын толықтай қайтару міндеттелді.

Алматы қаласы сотының мәліметінше, үш алаяқ әйелдің кесірінен барынан айырылған оншақты жас отбасы ажырасып, бірнеше адам инсульт, инфаркт алып, ауруханада жатыр.

Алматы қалалық соты соңғы уақытта «арзан баспана әперемін, әкімдік арқылы тегін үйге қол жеткізесің» деп халықтан ақша жинайтын қылмыстық топтың көбейгенін айтады. Сондықтан пәтер алуда тек заңды орындарға жүгініп, алаяқтардың арбауына түспеуге кеңес береді.

Похожие материалы