Экономика
Н.Назарбаев: Санкциялық қысым әлемдік экономиканың жағдайын қиындатып жатыр
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көшбасшылар арасындағы сенімділік атмосферасының өз күшін жоғалтып жатқандығына және оның экономикалық және гуманитарлық процестерге негативті ықпал етіп жатқандығына өкініш білдіреді.
"Бүгінде әлем қауіпті белгісіздік кезеңінде тұр. Біріншіден, жаһандық қауіпсіздік режимі күрт әлсізденіп кетті және бұл процесс әлі түбіне дейін жеткен жоқ", - деді Н.Назарбаев Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Vсъездінде.
"Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық қауіпсіздік құрылымдарының қатысуымен жүзеге асуы тиісті әлемдік масштабтағы қарама-қарсылық және ұстамдылық жүйесі жұмыс істемейді. БҰҰ-ның барлық мүшелерінің оның шешімдерінің қолдауы өте маңызды", - деп атап өтті президент.
"Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі ондаған жылдар бойы қалыптасып келе жатқан мемлекеттер арасындағы сенімділік атмосферасының азайып жатқандығына өкінуге тура келеді. Өзара санкциялық қысымдар онсызда шиеленісіп тұрған халықаралық экономика жағдайын қиындатып жіберді", - деді мемлекет басшысы.
Ол сенімсіздік тек экономикалық қана емес, халықтар мен елдер арасындағы гуманитарлық қарым-қатынастарға негативті әсер ететіндігін атап өтті.