Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — Американдық Forbes журналы үшінші рет қаржы техникасында жұмыс істейтін 2018 жылғы әлемдегі ең үздік 50 компания тізімін жариялады. Тізімнің 20 пайызынан астамын (50-дің 11-і) криптовалюта мен блокчейн технологияларымен байланысты жобалар алған.
Егер тізімді тартқан инвестициясына қарай сұрыптасақ, онда рейтингте американдық GreenSky жобасы көшбасшы. 2017 жылы 560 млн доллар инвестиция тартқан.
Екінші орында - Kabbage шағын және орта бизнеске онлайн-несиелеу қызметі. (500 млн доллар). Ал үшінші орынға 450 млн доллар инвестициясымен Affirm жылдам несиелеу сервисі орнықты.
Блокчейн компаниялар арасында Coinbase криптобиржасы көш бастап тұр(10-орын, 217 млн доллар). Robinhood айырбастау алаңы - 16-орын, 176 млн доллар. Сондай-ақ, төлем жүйелері үшін Ripple платформасы 25-орын, 93,6 млн доллар.
Қания Табыс
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024