Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру (дипломдық жұмыс)
Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
"Қазақстан – 2030" стратегиясы әлемдiк трансформациялық үрдiстердiң негiзгi ерекшелiктерiн, Қазақстан геосаяси және ұлттық тарихы ерекшелiктерiн, ресурстың әлеуметiн ескерек отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк экономикалық даму векторын ұсынды./1/ Экономикалық аспектiде "Қазақстан – 2030" ең алдымен экономикалық өсу стратегиясы.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiмдi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарлату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды.
Кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар үшiн белгiлi бiр кезеңге қаржылық нәтижесiн көрсететiн шығыстар мен табыстар арақатынастарын есепке алып, олардың есептi жылдағы нәтижелерiн бағалап, талдап тұжырым жасау өзектi мәселе болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да маңызды болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық. Мемлекетiмiздiң өсiп-дамуының тағдыры қазiргi жас буын мамандарының қолында десек артық болмайды, яғни олар келешекте ұлттық экономикамыздағы кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын қандай әдiстермен шешедi және қандай іс-шаралар кешенін қолданатыны өзекті мәселе.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады.
Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады \2\.
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек/3/.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады. Бұл диплом тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады,яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі: «Мақтарал» Акционерлік Қоғамы.
Зерттеу негізі: кәсіпорында инвестициялық тартымдылық үрдісін танып-білу.
Диплом зерттеуіндегі қолданған әдістер:
- әдебиетке аналитикалық шолу;
- инвестициялық үрдіске талдау жасау;
- құрылымдық-функционалды әдіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарының теориялық және әдістемелік негiздерiн зерттеу, инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгiн талдау және инвестициялық саясатты жетiлдiру жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- кәсіпорынның инвестициялық әрекетінің теориялық және басқарудың әдістік тәсілдерін танып-білу.
- «Мақтарал» АҚ инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарын қарастыру.
- «Мақтарал» кәсіпорынының экономикалық қызмет әрекеттеріндегі қазіргі заманға лайық басқаруының даму жолын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен бағдарламалары, отандық және шетелдік ғалым экономистерінің еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері алынды.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 Нарық жағдайында кәсіпорынның Инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері.
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны.
Инвестиция сөзі латын тілінен шыққан, «Investire» - жұмылдыру деген мағананы білідіреді. Феодал эпохасы кезінде инвестиция деген вассалдың феодалдық қолына кіруін айтқан: бұл сөзбен Епископтардың орын тағайындауын да айтылатын, және шіркеудің жерін билеуге, сол жердің иесін білідіретін Инвестура жаңа жерге ие болу мен қатар және сол жердің ресурстарын билеуге, өз пайдасына қолдануға рұқсат берілген.
Бір жағынан қарқынды инвестиция ақталады және сол жердегі территориялардан табыс табу бірнеше есе өсіп қоймай, және жер даму факторы ретінде қолданылды/4/.
Инвестиция - деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, пай, акциялар, және тағы басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар белгілері, кредиттер т.б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интелектуалды игіліктер, жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т.б. жұмыс түріне, пайда табу арқасынада әлеметтік жағымды эффект өсіру деп айтуға болады.
Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызмететті жүзеге асыру үшін әр түрлі капитал салымдары.
Инвестиция объектісі:
- Мүлік инвестициясы (матриалдық инвестиция). Материалды инвестиция деп – инвестиция тікелей өндіріс процесіне қатысады. (Мысалы: инвестиция - құрал жабдық, материалдарға, құрлысқа)
- Қаржы инвестициясы – қаржы мүлігін, басқа басқа фирма жұмысына қол сұғу және т.б. фирмалардың құқықтық жұмыстарына қатысу (акция сатып алу.)
- Материалы емес инвестиция – материалды емес құндылыққа инвестиция салу. (кадрлер дайындау, реклама)/5/
Объектіге қатысты инвестицияны екі түрге бөлуге болады: портфельдік және тікелей.
Портфельдік – құнды қағазға салынуы, курстың өзгеруі байланысты дивидендтер алу, тағыда сол шаруашылықтың басқаруына қатысуға құқық береді.
Портфельдің пайда болуы ол- құнды қағаздар және тағы басқа активтерді сатып алу арқасында пада болды.
Портфель – бұл неше түрлі инвестициялық құндылықтар жинтығы, бұл инструмент салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді. Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін (акция) және әртүрлі инвестициялақ құндылығы бар (акция, облигация, жинақталғын депозит, сертификаттар, және т.б.)
Тікелей (реалды) инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске құйылуы.
Тікелей инвестиция екі әр түрлі қолпакеттерден тұрады. Біріншісі инвестицяны жарғылық капиталға құю, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары)
Екінші компонент – инвестицияны товар – материалдық қорға құю, бұл дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын, немесе өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар – материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.
Тікілей инвестиция тағыда; ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі – бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы – қаражаттан қаржыландыру.
Сыртқы – бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына, инвестиция керек шаруашылық субъект. Тікелей инвестицияға тағыда жалпы және таза инвестицияларды жатқызуға болады. Жалпы таза инвестиция бұл жалпы инвестиция деп аталады, өйткені ұсталымдарды шегерімнен кейін өзіндік капиталдан тұрады/6/.
Ұсталыным сипаты бойынша:
Бірінші инвестициялар; немесе нетто инвестициялар, олар кәсіпорынды құрғанда немесе сатып алғанда жасалады.
- Ұлғаюға инвестициялар; (экстенцивті инвестиция) бұл инвестиция кәсіпорынның өндіріс процесін ұлғайтады.
- Реинвестиция: бұл инвестициядан түскен табыстан бос ақшаны қайта жаңа құрал жабдықтарды алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалған.
- Ауыстыру инвестициясы: бұл ескі құрал – жабдықтарды, жаңа құрал- дабдықтарға ауыстыру.
- Инвестицияны рационализациялау: бұл инвестицияны техника және технологиялық процестерді модернизациялау.
Шығарылатын тауарды өзгертуге салынатын инвестиция:
- Әртараптандыруға салынған инвестиция: тауардың номенклатурасын ауыстыруына байланысты, жаңа тауар түрін шығару және даңа өткізу орындарын табу.
- Инвестицияны кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗКТЖ-ға жіберу, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау.
- Буртто инвестиция: ол нетто – инвестициямен реинвестициядан тұрады.
- Тәуекел инвестициялар немесе венчурлы капитал инвестиция, жаңа акциялар шығару түрінде, жаңа қызымет саласында шығарылатын, үлкен тәуекелмен байланысты.
Венчурлық капитал инвестициясы бір – бірімен байланысты емес объектілерге құйылады, бұл салынған ақшаның тез ауқуы. Бұндай капитал салымдар, өндірушіден біраз акциясын алумен жасалады, сонымен бірге соңғы акциялардың конверсиялақ құқығы бар/7/.
Капиталдың енгізілуі тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді. Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік, кәсіпкерлік/8/.
Ол ғылыми сыйымды кәсіпорындардың жарғылық капиталы жоғары және басқа фирмалармен тығыз байланыста болады.
Уақыт факторы бойынша:
- Қысқа мерзімдік инвестицияляр
- Ұзақ мерзімдік инвестициялар
Аннуитет – инвестиция, әр – бір уақыт мерзім кезінде жеке бір табыс алып келеді. Жалпы ол қаржыны зейнетақы сақтандыру қорларға енгізуі. Сақтандыру компаниялар мен зейнетақылық қорлар, ұзақ мерзімді міндеттемелер шығарады. Болашақта кездесетін шығындарды жабу үшін иелері сол шығындарды жабу мақсатында оларды құяды/9/.
Анри Кульман – жанама және тікелей инвестициясы
Франция экономика мектебінің көрікті ғалымы – Анри Кульман инвестицияның класификациясын, проблемасын мүлде басқа аспектте қараған. Ол жанама инвестиция (ақшамен), ал тікелей инвестицияны (ақшасыз) жасауға болады деп ойлаған.
Екінші түрде еңбек өнімін тікелей өндіру құрылымына ауыстыру, капталдың ақшалай форма кезеңіне аттап кету. Бұндай инвестицияның механизімі көбінесе ауыл шаруашылығанда жасалады. Мысалы: фермер ірі – қара малмен өз отарында бұзауларын тек қана амортизацияны жабу үшін ғана емес, одан көп бұзаулар алу. Олар оз отарының санын ұлғайтуға әсер етеді. Бұл кезде тікелей инвестициялау жүргізіледі.Сондай-ақ бақташыны алсақ олда өзінің барлық гүлдерін, жемістерін өткізбей тек қана 75% сатады, ал 25% тұқымға кетеді, яғни өзінің шаруашылығын ұлғайтады.
Тікелей инвестиция өте аз қолданылады өйткені өндірісте зауыт өз кірпіштерін өз жеріне тағы зауыт салуға арнамайды және осы қағида кең таралмаған/11/.
Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер” атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды/12/.
Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк өндiрiстiң дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен, “инвестициялар” категориясының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн анықтап алу қажет.
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.
Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы/13/.
Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн. Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде болады/14/.
В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен/15/.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.
lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.
Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк капиталын – негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды.
Кәсіпорын деңгейінде инвестициялық тартымдылықты арттыруда бірінші болып, алдағы кезеңдерге арналған даму сипаттары үлкен орын алады. Инвестиция тарту жолымен дамудың алдағы кезеңдердегі көкжиегін нақты талдаулар жасау арқылы болжанған жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі. Ол экономикалық тиімділік деңгейінің қатынастары, өнім өндіру мен оған кететін өндірістік шығындарды дұрыс есептеп, үнемді пайдалану. Кәсіпорындағы инвестициялық тартымдылыққа өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің ұзақтығы тығыз байланысты. Инвестициялық қызметтің ұтымды жолдарының бірі инвестициялық тиімділікті бағалауды өте дұрыс есептеу шарт. Шаруашылық қызметтің негізгі шарттарының бірі болып, өндідістің барлық элементтерін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыру. Шетелдік тәжірибеде инвестициялық тартымдылықты арттыру көбінесе инвестициялық жобаларды ғылыми негіздеп, іс-тәжірибеге лайық, сондай-ақ макродеңгейдегі болатын өзгерістерге барынша төтеп бере алатын жобалар әзірлеумен анықталады/15/.
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:
1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;
2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;
3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.
4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады/16/.
Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен байланысты, ал нарықпен қабылдалынған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату (шыныдарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң минималды қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару мекемелерiнiң талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвестициялар да тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты.
Толық ғылыми-техникалық өндiрiстiк циклдi инвестициялауға болады немесе оның элементтерiн (сатыларын) - ғылыми зерттеулер, жобалық – конструкторлық жұмыстар, iс-әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi ұйымдастыру немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi инвестициялауға болады.
Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту – кәсiпорынның өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып табылады. Осы бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық iс-әрекет деп аталады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.
Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iске асырушы немесе заңды тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-әрекет объектiлерiн пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң объектiлерiн пайдаланушылар ретiнде инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк және жергiлiктi мекемелер, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы орта құрылмына мыналар кiредi:
- күрделi құрылысы ортасы, мұнда салалардың негiзгi және айнымалы өндiрiстiк қорларға инвестиция салу жүргiзiледi;
- инновациялық орта, мұнда ғылыми-техникалық өнiм және интеллектуады потенциал iске асырылады;
- қаржылық капитал айналымы ортасы (әртүрлi түрдегi ақшалай, қаржылық және қарыздық мiндеттемелер)/18/.
Нақты инвестицияларды қаржыландыру көздерiн жалпы барлық экономика деңгейiнде (макродейңгей) және шаруашылық (микродеңгей) қарастыру қажет. Макродеңгейде мұндай қаржыландыру көзi ретiнде жалпы жинақтар, яғни тұрғындардың жеке жинақтары, бизнес жинақтары және мемлекеттiк бюджеттiң сальдосы қарастырылады.
Жалпы жинақтар – бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк шығындар да жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының бiр бөлiгi және бұл инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.
Жалпы мемлекет көлемiнде жалпы инвестициялар мен жинақтар бiрдей деуге болады. Жалпы жинақтар мен инвестициялардың бiрдейлiлiлiгi, бөлек экономика секторларында басқаша болуы мүмкiн. Дамыған несиелiк-қаржылық жүйе жағдайында жинақтардың иесi жеке тұлғалары екендiгiнiң принципиалды маңызы жоқ, себебi, бұл қаражаттар қаржы қорларында несиелеу операцияларында мобилизацияланады/18/.
Қазiргi жағдайда қаржылық қамтамасыз етудiң маңызды көздерiнiң бiрi халықаралық экономикалық байланыстар арқылы келетiн қорлар болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында негiзгi инвестициялық шешiмдер шаруашылық субъект деңгейiнде қабылданады. Кәсiпорында қаржы салымдарын жасау үшiн бiрнешесе альтернативтi қаржыландыру мүмкiндiктерi бар. Бiр-бiрiне ұқсамайтын бұл қаржыландыру көздерi бiрге қолдануы мүмкiн. Тәжiрибеде солай жиi болады/19/.
1-кесте-кәсіпорынның каржыландыру көздерiн топтастыру.
Қаржы ресурстары | Кәсiпорындағы инвестициялау көзi |
1 | 2 |
1. Жеке 1.1. Амортизациялық қаржы бөлiнулер (негiзгi қорлар мен материалды емес активтерге салынған тозу қаржылары) 1.2. Жалпы пайда 1.2.1. Тауарлар мен қызмет көрсетулердi өткiзуден түскен пайда (кәсiпкерлiк табыс. 1.2.2. Басқа да өткiзулерден түскн табыс. 1.2.3. Өткiзуден тыс нәтижелердiң (табыстар) сальдосы. 1.2.4. Резервтiк қор 1.3. Жөндеу қоры. 1.4. Сақтандыру резервтерi 1.5. Бақалар | өткiзуден түскен түсiм (өзiндiк құн) өткiзуден түскен табыс Басқа да өткiзулерден түскен табыс өткiзуден тыс табыстар Жалпы табыс Таза табыс |
2. Тартылған қаражаттар 2.1. Ағымадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары. 2.2. Бағалы қағаздарды эмиссиялаудан түскен қаражаттар. 2.3. Еңбек ұжымының мүшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың табыстық және басқа да жарналары. 2.4. Сақтандыру төлемдерi. 2.5. Франчайзинг, селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi 2.6. Басқалары | Сәйкес инвесторлардың қорлары |
3. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер | Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары |
4. Бюджеттiк емес қорлардан түскен түсiмдер | Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары. |
5. Қарыздық қаражаттар. 5.1. Банк несиесi 5.2. Басқа да қаржылық институттардың несиелерi 5.3. Бюджеттiк несие 5.4. Коммерциялық несие 5.6. Басқалары | Несие берушiлердiң қорлары |
6. Тартылған қаражатар 6.1. Аығмадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары. 6.2.Бағалы қағаздарды эмиссиялаудан түскен қаражаттар. 6.3. Еңбек ұжымының мүшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың пайдалық және басқа да жанрлары. 6.4. Сақтандыру төлемдерi. 6.5. Франчайзинг, селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi. 6.6. Басқалары | Сәйкес инвесторлардың қорлары |
7. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер. | Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары |
8. Бюджеттiк емес қорлардан түскен тұсiмдер. | Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары |
Кәсiпорынның меншiктi қаржы қорлары өзiне құрылтайшылардың бастапқы жарналарын және капиталды салымдарды қаржыландыруға кеткен шаруашылық iс-әрекет нәтижелерi есебiнен жиналған жинақтарды қосады.
Кәсiпорында инвестицияларды қаржыландырудың iрi көзiне амортизациялық қаржы бөлiнулер жатады. Осы бөлiнулер нәтижесiнде кәсiпорынның негiзгi капиталын ұдайы өндiрiсiн кеңейтуге қолданылатын бос ақша қаражатары қалыптасады.
Табыстан төленетiн салықтар мен басқа да төлемдер төленгеннен кейiн кәсiпорында таза табыс қалады. Оның бiр бөлiгiн өндiрiстiк және әлеуметтiк сипатты капиталдық салымдар ретiнде қолдануы мүмкiн.
Несиелiк қаражаттар несие берушiлер есебiнен құралады. Қазiргi кезде инвесторлар тез эффект беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет салаларын несиелеуге тырысады.
Инвестициялаудың бағыттарының бiрi ретiнде лизингi айтуға болады. Лизинг деп машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлiк құралдарының және де өндiрiстiк мағынасы бар ғимараттардың ұзақ мерзiмдi арендасын айтамыз. Осында айта кету керек, дамыған нарықтық қатынастар жағдайында лизингтiң құрал-жабдықтарды инвестициялаудағы үлесi 25% құрайды/11/.
Бюджеттiк қаржы бөлiністері – бұл бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары. Қазақстан Республикасының бюджетiнен қайтарымсыз негiзде мемлекеттiк орталықтандырылған капиталды салымдарды қаржыландыру, ол- объектiлер құрылыс жұмыстарының бекiтiлген тiзiмiне және мемлекеттiк қажеттiлiгi бар объектiлер қатарына енгiзiлсе ғана жүргiзiледi.
Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге (мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi әдiстерi) саяды.
Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектiсі кәсіпорындар немесе мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi.
Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң маңызын нарықтық экономиканың iшкi тұрақсыздығы туралы алғышартты негiздей отырып, экономикалық саясаттың Кейсиандық теориясы анықтайды. Мүндай тұрақсыздық өндiрiс факторларын жеткiлiксiз қолдану және тұрғындардың жұмыспен толық қатылмау салдарынан туындайтын ресурстарға сұраныстың жеткiлiксiздiгiмен көрсетiледi. Сондықтан Кейнс бойынша макроэкономикалық саясаттың негiзгi мақсаты төлеуге араласуы көмегiмен қол жеткiзетiн толық жұмыс бастылық болып табылады. Осылардың құн өсiмiн қамтамасыз етедi және соның нәтижесiнде жалпы iшкi өнiм динамикасына әсер етедi/20/.
Басқаша айтқанда Кейнс бойынша инвестициялық сұраныс динамикасы экономиканың дамуының циклдiгiнiң басты себебi болып табылады. Өз кезегiнде бұл сұраныс динамикасы салынған капиталдың өсiм ақысы (пайыздық мөлшер) деңгейiне байланысты болады. Осыдан келiп баға динамикасы мен өсiм ақы дңгейiне әсер ету мемлекеттiң ақша несие саясатының өзара байланысын келесiдей тiзбек арқылы көрсетуге болады: ақша массасы – пайыз мөлшерi – инвестиция – жапы iшкi өнiм. Мүндай схема Батыстың көптеген елдерiнде 50-60-ыншы жылдары тиiмдi жұмыс iстедi/20/.
Елде ақша-несие саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет (Ұлттық банк) ұлттық ақша және өсiм ақының валюталық құнын анықтайды. Мемлекет (Ұлттық банк) өсiм ақыны құрудың мұндай факторлар қатынасын нарықтық күштер және мемлекеттiк реттеу арқылы анықтайды.
Шетел капиталын тарту мақсатындағы өсiм ақыны реттеу тек дамушы елдерде ғана емес, сонымен қатар экономикасы дамыған елдер де қолданады. Мысалы, 80-iншi жылдардың бiрiншi жартысында АІШ төлем балансының жеткiлiксiздiлiгiн қаржыландыру үшiн өсiм ақыны көтердi. Нәтижесiнде елге, әсiресе Батыс Европа елдерiнен капитал ағыны тез өстi. Сол кездегi күрделенген жағдай экономикалық әдебиеттерде “өсiм ақы соғысы” деп атала бастады.
Бiрақ мұндай саясат бiр қарағанға қарапайым емес. өсiм ақыны төмендетуден экономикалық белсендiлiктiң төмендеуi және халықтың жұмыс бастылық жағдайының нашарлауы және т.б. қолайсыз жағдайлар туады. Мұндай саясат құнсыздануды күшейтуге қабiлеттi, себебi несиенiң қымбаттауы өнiм құнының өсуiне әкеледi. Сондықтан өсiм ақы сферасында мемлекеттiң көбi курсты жасанды көтермелеуге қарағанда нарық факторына сүйенедi/22/.
Мемлекеттiк реттеу проблемасы мына себептер бойынша реттеудiң бiр факторлы моделi ретiнде қарастырылмайды, бiрiншiден, өсiм ақының өзi көп факторлы, күрделi нарықтық категория болып табылады. Екiншiден, өсiм ақы (реттеушi ретiнде, бiрақ инфляция жағдайында емес) несие ағынына үлкен дәрежеде әсер етедi.
Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен жөн:
- Шетелдiк капиталды тарту кезеңi;
- Тартылған капиталды қолдану кезеңi;
Кәсіпорындарға шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң әр кезiнде мемлекет қызметтерi мен реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және акционерлiк емес кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары жеке шетелдiк капиталды халықаралық кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция) түрiнде тарату және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек реттеудi талап етедi. Мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер маңызы артады. Осы ерекшелiкке байланысты шетелдiк капитал аумағындағы заңдылықтар сыртқа заем беру және шетелдiк инвестиция заңдылықтарына бөлiнген.шетелдiк капиталды тарту және қолдану кезiндегi мемлекеттiк реттеу қызметтеру көрсетiлген. Реттеу әдiстерi сондай-ақ шетелдiк капитал және инвестиция түрiне байланысты жiтеледi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несие беру. Бұл жағдайда реттеу дәрежесi мемлекет халықаралық несиенiң аралық заемщигi болып табылумен анықталады. Мемлекет несиелiк келiсiмге қол қояды, үкiметтiк кепiлдiк берумен оның жабылуын қамтамасыз етедi. Мемлекет несиенi заемге берушi ретiнде бiрнеше қызметердi атқарады.Бұл жағдайда мемлекет ролi мынамен анықталады:
- ол кредитор, донор, гарант және заем берушi рөлiн атқара отырып, халықаралық несиелiк қатынастың белсендi қатысушысы болып табылады;
- мемлекеттiк несие беру бюджет құралдарын жинақтау жолдарымен жүзеге асырылады;
- көптеген елдерде мемлекеттiк бюджет есебiнен кәсіпорындар мен банктерге экспорттық несиелер берiледi;
- әлемдiк нарыққа сай қызмет көрсету үшiн жеке банктiк экспорттық несиелерiне кепiлдiк беретiн сыртқы саудалық операцияларды несиеге беру және сақтандыруды көздейтiн мемлекеттiк немесе жартылай мемлекеттiк кәсіпорындар құруы мүмкін/13/.
Кәсіпорындарға жағымды инвестициялық климат қалыптастыру үшін елдің саяси тұрақтылығы өте маңызды шарт болып табылатыны анық.
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру-инвестициялық тартымдылықты арттыру негізі
Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар (сызулар, түсіндермелі хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар.Оның ажырамас бөлігі болып инвстициялық жобаның құнның аңыктайтын смета табылады.
Жоба – бұл техникалық материалдар(сызба, есептер, жаңа құрылған гимараттардың макеті, құрлыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.
Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өндеу ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады- идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.
Инвестициялық жобаны нарыктық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аякталуын нақты білу керек. Зертеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін- алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.
Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процестің жасалуы емес, оны өткізуден алатын табыс қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер үшін – жүмыстың аякталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аякталуы – қаржыландырудың тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық қуаттылықты толығымен игеру болады.
Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде негізделу керек.
Жобаның басталу кезінен өтімділік кезеңге дейінгі уақыт аралығы инвестициялық цикл деп аталады.
Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әркайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар:
- инвестицияға дейінгі - бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін
- ивестиция кезеңі- келісім-шарт жасау кезеңі
- өндірістік- кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.
Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші кезеңдер ( өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, талдау т.б. ) облысына кіреді.
Инвестицияға дейінгі кезде болашақ объектіні жобалау қарастырылады. Кәсіпорын инвестиция туралы алдын-ала шешім қабылдайды, салынып жатқан объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық экономикалық бағалауын, өтімділік бағасын зертеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе мамандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады/21/.
Жобаның алғашкы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес- жоспарын құру. Бірақ, уакытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек, яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.
Екінші инвестициялық кезенде жоба мыналарды енгізеді:
- жобалық кәсіпорынды таңдау;
- жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;
- жобалық және құрлыстық жұмыстын алдын – ала жоспары;
- деталдық жоспарлау және спцификация;
- құрылыстық орындардын сызбасы.
Осы кезеңде бас мердігер және субмердігер тағайындалады. Мердігерлер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қыска мерзімді зайымдар аңыкталады.
Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны, оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрлымын құрлыстық өндірістік жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану шығындарына да тәуелді/22/.
Жобалау үрдісін 2 кезеңге бөлуге болады:
- жоба алдындағы;
- нақты жобалау.
Жобалау алдындағы кезең инвестиция салудың алғы шарттарын жасайды. Дәл осы кезеңде жобаның өміршеңділігі мен инвестициялық тартымдылығы қалана басталады. Жобалау алдындағы кезең зерттеулері нақты инвестициялық жобаның толық сипаттайды. Инвестициялық жобаның өмірлік циклін бұл кезеңде дәл анықтау мүмкіндігі қиынға соғады.
Нақты жобалау өзі екі кезеңді енгізеді:бастапқы және соңгы жоба. Әр кезеңде болашақ объектінің сметасы аңықталады.
Өндірістің техника-ұйымдастырушылық дәрежесінің көтерілуі соның ішінде: еңбек, еңбек құралдары және еңбек заттары деңгейінде көрінеді. Міне осындай экономикалық көрсеткіштер, еңбекті іске асырумен бірге техника мен технологияның тиімділіктерінің дәрежесін көтереді. Жоғарыдағы көрсеткіштер (еңбек өнімділігі,қорқайтарымдылық,материалсыйымдылық) интенсификацияның жеке көрсеткіштері деп аталады. Оларды талдау технико-ұйымдастырушылық дәреженің факторымен шығару керек. Жеке көрсеткіштерге байланысты жалпылау да қолданылады /23/.
Барлық жалпы көрсеткіштер жиынның технкалық және ұйымдастырушылық тиімділігін сипаттайтын, келесі топтарды қарастыруға болады:
- Еңбек өнімділігінің, еңбекақы қоры жоғарылауы;
- Материал қайтарымдылығының өсуі (материалдар шығынын азайту);
- Негізгі қор қайтарымдылығын көтеру;
- Айналым коэффициентінің артуы;
- Өнім көлемін жоғарылату;
- Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;
- Қаржылық тұрақтылық жағдайын көрсеткіштерін жоғарылату;
Инвестициялық мүмкіншіліктерді қолданудың экономикалық тиімділігі барлық материалдық салаларға ортақ. Әдістік ұсыныстар іс-шараларының кешені ғылыми-техникалық прогресті үдетуге бағытталған.
Жобалау үрдісіндесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі. Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатты пайдалануда.
Тәжірибеде кәсіпорынның жобасын жасау, өндеу кезінде мынандай бөлімдерді өзіне енгізеді:
- түсіндірмелі хат;
- техника-экономикалық бөлім;
- бас жоспар;
- енбек күші;
- құрлыстық бөлім;
- өндірісті баскару жүйесі;
- сметалық құжаттар.
Инвестициялық жобаның әр жұмысының кезенінде оның құндық бағасы аңықталады. Шетелдік тәжірибеде оның кем дегенде төрт түрін есептейді және олардың нақты денгейі жобаны өңдеу кезінде өседі. Инвестициялық мүмкіншілікті зертеу кезінде алдын-ала құнның бағасы есептелінеді. Оның мөлшері 25-40% аралығында болу керек.
Инвестициялық процестін әр кезеңінде жобаның экономикалық өтімділігі, табыстылығы аңыкталады.Басқа сөзбен айтқанда шығындарды алынатын табыстылықпен салыстырғанда алатын жобалық талдау жоспарланады/24/.
Кәсіпорындар барлық инвестициялық ұсыныстарды «жинағанда» оларды бағалау жэне ранжирлеу процесі басталды. Сонымен қатар инвестицияның нәтижелік көрсеткішін есептейтін жобаның бизнес жоспары кұрылады, олар өз кезегінде, банк және басқа да кредиторларға ұсынылатын техника-экономикалық жағдайда жүзеге асырылады.
Барлық өркенниетті мемлекеттерде неғұрлым болашағы бар кәсіпорындар өз қызметтерін кеңейте келе, міндетті түрде инвестиция тартуға есік ашады. Бұл өз кезегінде инвестициялық жобаларын тиімді де тартымды түрде ұсыну арқылы инвестиция тарту тәжірибесі кеңінен қолданалынады/25/. Инвесторлар өздеріне тиісті инвестициялық паймен еркін қолданады. Олар пайды мұрагерлікке қалдыруға, бағалы қағаздар заңына сәйкес басқа да келісімдер жасай алады/26/. Барлык кәсіпорындар инвестициялық қарекетпен байланысты. Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы ресурстардың шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекелділіктер.
Инвестицияны қажет ететін себептер көп болуы мүмкін, бірақ жалпы оларды үш түрге бөлүге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту, өндірістік қарекеттің көлемін ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін меңгеру. Инвестициялық жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның басшылары жаңа өндірістің қаңдай сиппаттамалармен қанша керектігін нақты біледі. Ал егер негізгі әрекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды ескеру қажет. Олар: тауар нарығында кәсіпорынның жағдайының өзгеруі, қосымша еңбекті игеру жэне т.б.
Инвестициялық сипаттағы бақылау шешімін қабылдау процесі негізінде болашақ ақша түсімдері мен болжаулы инвестиция көлемін салыстыру жэне бағалау жатыр.Өйткені салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі уақытқа қатысты, осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртурлі қарауға болады, объективті жэне субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын түсімдердің көлемі, болжау көкжиегі, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.
Қаржылық мененджмент тәжірибесі инвестициялық қызметтерді бағалаудың келесі әдістерін атап көрсетеді.
Капитал мен табысты дисконтау. Матариалдық негізін ақша құрайтың қаржы ресурстары уақытша құндылыққа ие. Қаржы ресурстардын уақытша құндалығы екі аспектіде қарастырылады. Бірінші аспект ақшаны сатып алу қабілеттілігімен байланысты. Екінші аспект ақша қаражаты капитал сияқты айналымымен және осы айналымнан табыс алумен байланысты. Ақша жаңа ақшаларды тезірек жасау керек.
Табысты дисконтау-капитал салу мерзіміне байланысты табысты әкелу. Дисконтау есебімен өскен капитал мен қосымша табысты аудару үшін келесі формула аңықталынады:
К=К*(1+n),
К- салымдардың бастапқы сомасынан t-мерзімінің аяғында капиталдың салымдарының мөлшері.
К- салынған капиталдын мөлшерін ағымдағы бағалау, яғни бастапқы салым салынғаннан кейін бастапқы мерзімнің позизиясы.
n-дисконтау коэфициенті (яғни табыстылық нормасы немесе пайыз мөлшерлемесі) бірлік үлесі.
Д=К (1+n)-К,
Д- косымша табыс, тенгемен
Ағымдағы мезгіл позициясынан болашақ ақша түсімдерін бағалау үшін табысты дисконтау қолданылады. Инвестор капиталды салғанан кейін, келесі жағдайларды басшылыққа алады.
Біріншіден, әр уақытта ақшаның құнсыздануы болады, екіншіден,анықталған минимум мөлшерінен төмен емес капиталға табыстың мезгілдік түсуі. Инвестор болашақта қандай табыс алатынын бағалау керек және табыстың болжанған деңгейінен жұмыстың басталуына максималды мүмкін болатын қаржылық ресурстар соммасына салуды жіберу.
Таза табыс келтіретін эффекті есептеу әдісі. Бұл әдіс бастапқы инвестиция көлемін дисконттау таза ақша түсімдерінің жалпы соммасын келтірілгеннен құралған. Өйткені ақша қаражаттардың құйылымы уақыт бойынша бөлінген. Ол аналитик инвестициялығысы келетін немесе инвестициялай алатыннын жылдық қайтарылу пайызынан шыға қоятын r-коэффициенті арқылы дисконттталады. Мысалы мынандай болжам жасалынады, инвестиция (IC) жыл ішінде басқарылады, ал жылдық табыстар P1,P2,.............Pn көлемінде. (NPV) сәйкесінше мына формулалар бойынша есептелінеді:
PV= Рк/ (1+r )e ;
NPV= Рк/ (1+r )e -С-С ;
Егер: NPV> 0, онда жобаны қабылдау керек
NPV<0, онда жобаны қабылдамау керек
NPV=0, жоба не пайдалы емес , не зиянды емес//.
Мынаны ескеру қажет, NPV көрсеткіші қаралып отырған жобаны қабылдау кезде кәсіпорынның экономикалық потенциалының өзгеруінің болжамдық бағалауын көрсетеді. Бұл жоба уақыт бойынша әр түрлі жобалардың NPV соммалауға болады. Бұл өте ерекшке белгі, бұл критерияны басқалардан ерекшелейтін және оптималды инвестицияланған қоржынды талдау кезінде оны негізгі етіп қояды.
Инвестицияның табыстылық индексін есептеу әдісі. Бұл әдістің мәні бойынша алдыңғының жалғасы болып табылады. Табыстылық индексі PI мына формула бойынша есептелінеді.
PI=РК / ( 1+r)k/ИсИ ;
Егер :PI>1, жобаны қабылдау керек
PI<1, жобаны қабылдамау керек.
PI=1, жоба не табысты емес не зиянды емес.
Таза келтірілген эффектімен салыстырған да табыстылық индексі қатынасты көрсеткіш болады. Осыған орай, NPV мәні бірдей альтернативті жобалардың ішінен біреуін таңдап алуға қолайлы.
Инвестицияны пайдалылық үлесін есептеу әдісі. Инвестицияның пайдалылық нормасының түсінігінің астында дисконттау коэффициентінің мәні жатыр. Сонымен қатар , жобаның NPV=0:
IRR=r, бұнда NPV=f(r)=0
Жоспарланған инвестицияның нәтижелігін талдауда бұл коэффициенттердің мәні мынада жатыр:IRR- берілген жобамен біріктірілетін шығындарды жоғары қатыста жіберу деңгейін көрсетеді. Мысалы, егер жоба толығымен банктің ссудасы арқылы қаржыландырылса , онда IRR-банктің пайыздық мөлшерлемесінің жіберілу деңгейінінің жоғарғы деңгейін көрсетеді, оның жоғарлауы жобаны зиянды жасайды.
Инвестицияның нәтижелік коэффициенттерін есептеу әдісі. Бұл әдістің екі белгісі бар: ол табыстың көрсеткіштерін дисконттауды ұсынбайды; табыс таза пайданы PN көрсеткіштерімен сипатталады. Есептеудің алгаритімін ерекше оңай, сондықтан бұл коэффициенті тәжірибеде көп қолданады. Инвестицияны нәтижелік коэффициенті ARR орта жылдық пайданы PN инвестицияның орта көлеміне (коэффициент % алынады) бөлумен есептелінеді. Инвестицияның орта шамасы капиталды салымдардың бастапқы соммасын 2 бөлгенде табылады, егер талданатын жобаны өткізу мерзімі өткенде барлық капиталды шығындар шығарылып тасталынады немесе қолдық құнының қома- қолдығын жіберсе RV онда оны бағалау шығарылып тасталу керек.
ARR= PN
½ (IC-RV)
Осы көрсеткіш кәсіпорынның жалпы таза табысын оның іс-әрекетіне авансталған (орта баланстың нетто қорытындысы) қаражаттың жалпы сомасына бөлумен анықталады, авансталған капиталдың табыстылық коэффициентімен салыстырылыды.
Өтелу мерзімін есептеу алгаритімі (РР) инвестициялаудан түсетін болжанған табыстарды бөлудің бір қалыптылығына тәуелді. Егер пайда жылдарға бір қалыпты бөлінсе онда өтелу мерзімі жылдық табыстың көлеміне бір уақытылы шығындарды бөлумен анықталады. Бөлшек сан шыққанда оны бүтін жақын санға айналдырамыз. Егер пайда бір қалыпты бөлінбесе, онда өтелу мерзімі жылдар санын тура есептеумен анықталады, ол сол жылдар ішінде инвестиция куммулятивті табыспен жабылады. РР көрсеткіші есептеудің жалпы формуласы мынандай болады.
PP=n Pk , мұнда Pk >IC /28/
Инвестицияны өтелу мерзімінің көрсеткішін есептеу қажет. Сонымен қатар талдауда ескеретін бірқатар кемшіліктер бар. Біріншіден, ол соңғы мезгілдердегі табыстың әсерін ескермейді. Екіншіден, ол куммулятивті табыстардың сомасы бірдей жобаларды ерекшелемейді, бірақ оларды жылдар бойынша бөлуді ерекшелейді. Бірқатар жағдайларда өтелу мерзімін есептегеннен тұратын әдістерді қолдану дұрыс бола алады. Мынандай жағдайларда:
- кәсіпорын басшылары жобаның табысты емес, көбінесе өтімділік проблемасын шешумен айналысқанда ;
- инвестиция тәуекелділіктің жоғарғы деңгейімен байланысты, сондықтан өтелу мерзімі қысқа болған сайын жобаның тәуекелділігі де аз болады.
2 «МаҚтарал» Ақ-ң инвестициялық ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН талдау
2.1 «Мақтарал» АҚ-ң экономикалық қызметін талдау
Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан бұрынғы атауы Славяндық мақта тазалау зауыты 1939-1943 жылдар аралығында Велико-Алексей мақта зауытының еншілес кәсіпорны ретінде құрылған. 1943 жылдан бастап бір жүйелі зауыт болып, жылына 4 мың тонна мақта – талшықтарын шығарып отырды.
1958-1960 жылдар аралығында зауыт реконструкцияландырылып, соның нәтижесінде жаңа ғимарат салынды. Онда екі тығыздаушы құрал – жабдығы, ХДД-80 агрегаты, 4 ХЛП маркасындағы батарея, 18 СДЛ жабдық орнатылды. 1965 жылы ПО-160 маркалы лентер сондай-ақ 2 СБ-10 маркалы кептіргіш барабандармен жабдықталды. 1968 жылы жаңа тазалау цетары салынып, зауыттың қуаттылығы жылына 12 мың мақта талшығын шығаруға мүмкіндік алды. Кеңестік шаруашылық жүйесінің шешімімен 1983 жылы зауыт қайта жарақтандырылып ЛП-1 желісімен, атақты «мехнат» және қосымша 2 СБ-10 кептіргіш барабанымен жабдықталады. Сол кезеңде зауыт өнімділігі 18 мың тоннаны құрады. 1994 жылы сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік жөнінде комитеті «Мақтарал» Акционерлік Қоғамы болып құрылған кәсіпорынға мемлекеттік акция пакетін басқаруға тендер жариялады. Оны «Айша-бибі» өндірістік кооперативі жеңіп мемлекеттік акция пакетінің 65,1 пайыздық көлемін сенімгерлік басқаруға алады. 1999 жылы тамыз айында сенімгерлік басқару бойынша міндеттемілерді жақсы орындағаны үшін мемлекеттік акция пакеті өтеусіз беріледі. Қалған 34,9 пайыз көлеміндегі акция еңбек ұжымының меншігінде болды. Осы жылы зауыт қайта жарақтандырылып цехтағы ДА-82-39 маркалы механикалы жабдықтарды гидравликалық ДБ-82-37 маркалы жоғары өнімділіктегі құрал-жабдықтармен алмастырылады.
Шикізат түріндегі мақьаны дайындау бойынша зауыттар арасында бәсекелестік туындайды. Осының салдарынан облыстың бірнеше аудандарында мақта қабылдау бөлімдері ашылады. Оларға: Мақтарал ауданында – 25, «Дихан», «Жамбыл», «Ділдабеков», «Абай» және т.б. Шардара ауданында – 18, «Достық», «Көксу», «Лесата», «Смағұл ата» және т.б. Сарыағаш ауданында – 6, «Ошақты», «Үкібай ата», «Ұзын ата» және т.б. Ордабасы ауданында – 4, «Спатаев», «Жеңіс», «Қара аспан», «Төрт күл».
2000 жылы Сарыағаш қаласында жанар-жағармай материалдрын сатумен айналысатын «САБИ» атты көтерме бөлшек кешені ашылды.
“Мақтарал” АҚ-ны өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, Салық және бюджет төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Акционерлік қоғамның жеке фирмалық атауы, көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақастан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Кәсіпорынды құру мен қызметтің басты мақсаты – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, шетел және отандық бәсекелестеріне орын бермейтін сапалы жиһаз өнімдерін шығару оны өткізу арқылы табыс табу болып саналады. Табыс табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
2001 жылы 29 қыркүйек айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер одағында 22 кәсіпорын болып, оның ішінде «Мақтарал» АҚ толық мүшесі болып саналды. Соның нәтижесінде 2002 жылы бас ғимаратқа толық жөндеу жүргізіліп, цехтарды қайта жарақтандыру салдарынан көптеген құрал-жабдықтар жарна есебінен реконструкцияландырылды. Мысалы, СБ-10 агрегатының орнына СБО, СЧ-02 тазалау машинасы және т.б. Осы шаралар нәтижесінде ксіпорындар тазалау әрекетінен талшықтар ұзындығына оң әсер берді, сондай-ақ электр энергияны сағатына 200-300 КВт-ға үнемдеуге мүмкіндік болды. әлеуметтік шаралар бағдарламасы бойынша зауыт территориясында 60 орынды асхана, мереке залы сонымен қатар мешіт салынды.
Кәсіпорынның өнім өңдеуімен өткізу көлемі бір-бірімен байланысты көрсеткіш болып табылады. Өнімді өңдеудің шектеулілігімен сұраныстың көп кезінде бірінші орынға өнімді өңдеу көлемі шығады. Ал бәсекелестердің көбейіп нарықтың қаныққан шағында мақтаны өңдеу кәсіпорынның экономикалық жағдайына әсер ететін басты фактор болып отыр. Өңдеу көлемінің және оны өткізуді оның сапасы «Мақтарал» кәсіпорынының шығына, табысмен рентабельділігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да ол көрсеткіштерді талдау үлкен роль атқарады. Оның негізгі міндеттері өнімді өңдеу мен өткізудің динамикасын және жоспардың орындалу деңгейін талдау. Бұл көрсеткіштерге басқа фкторлардың әсерін анықтау.
Жалпы өнім – аяқталмаған өндірісті қосқандағы кәсіпорынның барлық шығарылған өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің қосындысы. Тауарлық өнімнің жалпы өнімнен айырмашылығы – аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының кірмейтіндігінде. Аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының құралымы бойынша кейбір кәсіпорындарда тауарлық өнім жалпы өнімге сәйкес келеді.
өнім өткізу көлемі өнімді жөнелтумен немесе төленуімен анықталады. Ол жоспарлы, салыстырмалы және нақты қазіргі бағамен көрсетілуі мүмкін. Нарық экономикасы жағдайында бұл көрсеткіш алғашқы орында болады. өнімді өткізу өндіріс пен тұтынушы арасында байланыстырушы бірлік болып табылады. өнімнің нарықта жаппай сатылуы мен оған сұранысқа байланысты оған шығарылу көлеміде анықталады. «Мақтарал» кәсіпорыны мақта өңдеу саласында бәсекелестерінің қатары көп болғандықтан шикізат мақтасын дайындау мәселесі алға шығып отыр. Сондықтан да дайындау пунктер жұмысын жетілдіру көзделген. Кәсіпорындағы өнім көлемі сұранысқа ғана емес өндіріс қуатынада сүйенеді. Қазіргі кезде шетелдерден техниканың жаңа түрлерін аліға көптеген алғы шарттар жасалуда. Талдауды өндіріспен өткізудің натуралды және құндық түрдегі динамикасы 2 кестеде ұсынылады.
2-кесте- «Мақтарал» АҚ-ң өңдеу және өткізу көлемін талдау
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2004 | 2005 | +/- ауытқу | %-к қарқында |
1 | Өңдеу көлемі құндық түрінде натур. түрінде | мың тг. тонна | 1128777 86 | 2031800 112 | 903023 26 | 180 130 |
2 | Өткізу көлемі құндық түрінде натур. түрінде | мың тг. тонна | 1581484 121 | 2030690 113 | 449208 -8 | 128 93,3 |
Деректер көздері: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтерінен
Өңдеу көлемі құндық түрінде 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1,8 есе өсіп отыр, ал өткізу көлемі 1,3 есе артқанын көреміз. Айтып кететін жай 2004 жылы өндіру көлемі өткізу көлеміне қарағанда төмендігі қоймада алдыңғы жылдардан сақталып қалған өнімді өткізумен байланысты түсіндіреміз.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін, жұмыс нақты өнім мен тұтынушыға жұмсалу керек.
Ұйым құрылымы бөлімдердің өзара жақсы байланыста болуын, жауапкершілік пен құқықтардың дұрыс бөлінуін қалайды. Алайда бұл мақсаттар кәсіпорынның басқару жүйесінің дамытылғанына да байланысты. Кәсіпорындағы қызметті ұйымдастырудың мәліметтері 1-суретте келтірілген.
«Мақтарал» АҚ-да 2005 жылғы деректер бойынша 592 адам жұмыс істеді. Оның ішінде:
- басқару аппараты – 34 адам;
- өндірістік персоналдар – 385 адам;
- қойма персоналдары – 18 адам;
- құрама жұмысшылар – 93 адам;
Кәсіпорынның басқару аппараты, сондай-ақ жұмысшылар жоғары кәсіпті мамандармен қамтылған. 2005 жылы еңбекақы қоры 190600 мың теңгені құрады. Есепті жылы өндірістік - өнеркәсіптік персоналдар саны 18 адамға азайғанына қарамастан бұл көрсеткіш 19610 мың теңгеге артқан. Жалпы қоғам жұмысшыларын ынталандыру жоғары деңгейде. Еңбекақыны ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы » заңы және басқа да нормативтік заңнамаларға сәйкес жүргізіледі. 2005 жылы 1 жұмысшының еңбек өнімділігі 1,3 есеге өскенін көреміз. Бұл еңбек шығынының азаю есебінен және өңдеу көлемінің өсуінен болуы мүмкін.
2-кесте-еңбек ресурстарының көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2004 | 2005 | Ауытқу | |
+/-; | % | |||||
1 | Жұмыскерлер саны | адам | 610 | 592 | -18 | 97 |
2 | Еңбек өнімділігі | мың теңге | 2571 | 3430 | 859 | 133 |
3 | Жылдық еңбекақы қоры | мың теңге | 170990 | 190600 | 19610 | 111 |
4 | 1 жұмыскердің орташа айлық еңбекақысы | теңге | 23359 | 26829 | 3470 | 115 |
Деректер көздері: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтерінен
Кестеде көрсетілгендей 1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы 3470 теңгеге яғни 115 пайызға өскенін көреміз. Еңбекақы негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлігі тұрақты болса. Қосымша – үстемақы мен сыйақыдан тұрады. Ұйымда жұмыскерлердің материалды қызығушылығын арттыру үшін кәсіптік шеберлігіне, басқа персоналдарды үйреткені үшін, жоғары біліктілігі үшін, және т.б. қосымша үстемақылар мен сыйақылар төленеді. Осы мәселе бойынша кәсіпорынның жұмысшылардың кәсіподағы жұмыс берушіге әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі келісімнің Қазақстан Республикасындағы 2004 жылғы мемлекет, жұмыс берушілер және жұмысшылардың мүддесін қорғайтын кәсіподақтың Республикадағы ұйымдары ат салысып еңбек қатынастарын реттеуге үлкен үлес қосу керек.
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның техника-экономикалық және қаржы экономикалық жағдайын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты.
Шаруашылық субьектілердің экономикалық қызметін талдаудың көмегімен кәсіпкерлік қызметінің жоспары жасалады, кәсіпорынның даму қорлары анықталып, бөлімшелерінің, жұмысшыларының қызметтерінің нәтижесі бағаланады.
«Мақтарал» АҚ-ның мәліметтерін пайдалана отырып, қызметіне талдау жасап есептеп шығарамыз. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы шаруашылық қызметті үздіксіз жүргізумен қарыз міндеттемелерін мерізмінде өтеу үшін белгілі бір мерзімдегі кәсіпорынның тұрақтылығын және оның қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
«Мақтарал» кәсіпорынының қаржы – экономикалық жағдайын талдау үшін алдымен технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтаймыз. Ол 2- кестеде көрсетілген.
- көрсеткіш бойынша, өткізілген өнімнен түскен табыс :
Әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болды және ол кәсіпорын үшін өте маңызды. Бұл - өнім өткізу жұмысшының әсері оның цехтарының, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде көрінеді, талдау кезеңі 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2030692 мың тг. болып, пайыз түрінде 128% артты. Бұл жалпы кәсіпорын өніміне сұраныстың бар екендігін аңғарады. (1,2 есеге сатудан түскен табыс артты.) Бұл көсеткіштің өсуіне сондай-ақ өнімнің нарықтағы бағасы, елдегі инфляция деңгейі әсер етуі мүмкін. «Мақтарал» АҚ-ның негізгі қызметі мақта талшықтарын тазалап, түк түрінде сату болғандықтан, кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі көптеген сақтық шарларын ұстанады және тәуекелділік деңгейі де жоғары болып есептелінеді.
2-кесте-“Мақтарал” АҚ-ның қызметін техника-экономикалық талдау.
№ | Көрсеткіштер | Жылдары | Ауытқулар | |||
2004 | 2005 | +/- | % | |||
1 | Өнімді өткізуден түскен табыс | мың тг | 1581484 | 2030692 | 449208 | 128 |
2 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | мың тг | 1447564 | 1805992 | 358428 | 125 |
3 | Жалпы табыс | мың тг | 133920 | 224700 | 90780 | 168 |
4 | Кезең шығындары | мың тг | 398747 | 547104 | 148357 | 137 |
5 | Негізгі қызметтен түскен табыс | мың тг | -264827 | -322404 | 57577 | 122 |
6 | Негізгі емес қызметтен түскен табыс | мың тг | 406670 | 389589 | -17081 | 95 |
7 | Салық салынғанға дейінгі табыс | мың тг | 141843 | 67185 | -74658 | 47 |
8 | Таза табыс | мың тг | 99290 | 47029 | -52261 | 47 |
9 | Жұмыскерлердің тізімдік саны | адам | 610 | 592 | -18 | 97 |
10 | Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы қоры | мың тг | 170990 | 190600 | 19610 | 111 |
11 | 1 жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы | тг | 23359 | 26829 | 3470 | 115 |
12 | Негізгі қорлардың жылдық орташа құны | мың тг | 532687 | 811703 | 279016 | 152 |
13 | Қор сыймдылығы | тг | 0,34 | 0,39 | 0,05 | 115 |
14 | Қор қайтарымдылығы | тг | 2,96 | 2,5 | -0,1 | 84 |
15 | Жұмысшылардың негізгі қормен қарулануы | мың тг | 873 | 1371 | 498 | 157 |
16 | Өнімнің 1 теңгесіне кететін шығын | тг | 0,91 | 0,88 | -0,03 | 96 |
17 | Еңбек өнімділігі | мың тг | 2571 | 3430 | 859 | 133 |
Деректер көзі: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтері негізінде жасалынды.
- көрсеткіш бойынша өткізілген өнімнің өзіндік құны:
Бұл кәсіпорынның басқару есебі қалай жүргізіліп жатқанын аңғартатын көрсеткіш. Басқару есебінде шығындар мәселесі бірінші орында болғандықтан, өндірістегі шығындарды есептеу, қаржылық жұмыс, нақты субъектідегі басқару, ұйымдастыру мәселесі тікелей осы деңгейді көрсетеді. Өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 125 пайызға өскенін көрміз. Бұл бұйымдарды өңдеудегі шығындардың мәселесін кәсіпорын деңгейінде дұрыс, тиімді қарастыру керектігін көрсетеді. Дегенмен мұнда да сатылынып алынатын шикізаттардың бағасы үлкен роль атқарады.
- көрсеткіш бойынша жалпы табыс:
Жалпы табыс кәсіпорынның нақты нәтижелігін көрсететін көрсеткіш ретінде қарастырылмайды.Себебі кәсіпорынның табыстары мен зияндары туралы есеп беруде жалпы табыстан кезең шығындары алынатыны белгілі. Ол 2005 жылы 90780 мың теңгеге, яғни 1,6 есеге өсті.
- көрсеткіш бойынша кезең шығындары:
Бұл көптеген кәсіпорындардың шығыстар бөлігіндегі көптеген үлестерді алатын бөлігі. “Мақтарал” АҚ-ндағы кезең шығындарын басқару аппаратың үнемдеуін және оңтайлы шешімдер қабылдауынан болуы мүмкін. Мәселен 2005 жылы жалпы табыс 1,6 есеге өскенімен, кезең шығындарын басқару мүмкінділігі басқармаға тәуелсіз болады. Кезең шығындары көптеген бухгалтерлік сатыларды қосатындықтан, жалпы-бағаның барлық салаларда өсіуі 2005 жылы кәсіпорындардың тиімділігін сонымен қоса кезең шығындарын да өсірді. Кезең шығындарына өнімнің өзіндік құнына кірмейтін шығындар баптарын жатқызылатыны отандық кәсіпорындар есептілігінен көруге болады.Ол-қарастырып отырған кәсіпорында 2005 жылы 148357 мың теңгеге өскенін яғни 137 пайызға өсті.
- көрсеткіш бойынша негізгі қызметтен түскен табыс:
2005 жылы негізгі қызметтен түскен табыс 575777 мың тг. төмендеді. Бұл – кәсіпорынның инвестициялық және экономикалық тартымдылығын, содай-ақ басқару есебін қайта қарастыруды талап етеді.
- көрсеткіш бойынша негізгі емес қызметтен түскен табыс:
Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2005 жылы 17081 мың теңгеге төмендеп отыр. Дегенмен есепті жылы 389589 мың теңгені құрады.
- көрсеткіш бойынша салық салғанға дейінгі табыс:
Бұл көрсеткіш табыстың 2004 жылмен салыстырғанда 74658 төмендегенін көрсетуде.
- көрсеткіш бойынша таза табыс:
Таза табыс көрсеткіші 52261 мың теңгеге төмендеуде. Осының салдарынан кәсіпорын инвестиция тарту мәселесін мәселесін алға шығаруда. Ол – мәселе талданып бағаланады.
- көрсеткіш бойынша жұмысшылардың тізімдік саны:
Жұмысшылардың тізімдік саны сәйкесінше 18 адамға азайып отыр.
- көрсеткіш бойынша жұмысшылардың жылдық еңбек ақы қоры:
Еңбек ақы қоры Қазақстан Республикасының Заң, нормативті актілері, сондай-ақ тұтыну себеті мен еңбек өнімділігіне сәйкес 1,1есеге өсті.
- көрсеткіш бойынша жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы:
Жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақасы инфляция деңгейі және кәсіпорынның ынталындыру шеңбері есебін өскенін көреміз. Ол 2005 жылы 3470 теңгеге өсті.
- көрсеткіш бойынша өндірістегі негізгі қордың жылдық орташа құны:
негізгі қордың орташа жылдық өсімі біріншіден, негізгі қорларды қайта бағалау есебінен, (нақты бағамен) екіншіден, құрылтайшылардың негізгі қор есебінен жарналарын көбейтулерінен және негізгі қорларды реконструкциялау және тағы басқа көздерден.Ол-152 пайызға өсті.
- көрсеткіш бойынша кор сыймдылығы:
Қор сыймдылығы 2005 жылы өндірілген өнімнің 1 теңгесіне 0,39 теңге өндірістік негізгі құралдар келгенін көрсетеді.
- көрсеткіш бойынша қор қайтарымдылығы:
Қор қайтарымдылығы кері көрсеткіш, сондықтан әрбір негізгі құралдардың бір теңгесіне 2005 жылы 2,5 теңге өнім өндірілгенін көрсетеді.
- көрсеткіш бойынша жұмысшылардың қормен қарулануы:
Бұл - әрбір жұмысшыға қанша негізгі қордың келетін деңгейін көрсетеді. 2005 жылы 1 жұмысшы 2004 жылға қарағанда 498 теңгеге артық қаруланған.
- көрсеткіш бойынша өнімнің 1 теңгесіне кететін шығыны:
Кәсіпорынды шығындар есебін жақсы білетін мамандар қарастырмайынша, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары мүмкінге ие болмайды. “Мақтарал” АҚ-нда 2004 жылы өнімнің 1 теңгесіне 0,91теңге. болса 2005 жылы 0,88 теңге. болып отыр. Бұл дегеніміз - әрбір теңгеге 2005 жылы 3 тиынға төмендегенін көрсетеді.
“Атамекен” АҚ-ның башылығының алға қойған міндеттері бойынша - сырттан инвестиция тарту мәселесі алға шығуда. Инвестицияны кәсіпорынға тарту мәселесі бірнеше көрсеткіштер мен анықталады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын көрсететін тиімділіктің негізгі көрсеткіші ретінде шығындарды басқару стратегиясы инвестордың алғы шарттары болатыны анық.
- “Мақтарал” АҚ-ң қаржылық жағдайын талдау
Нарық қатынастары жағдайында кәсiпорынның қызметi және оның дамуы көбiне өзiн-өзi қаржыландырумен, яғни меншiктi капиталдың көмегiмен жүзеге асырылады Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен тартылады. Меншiктi капиталдың көлемiн анықтаумен қатар капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анны қажет. Бұл көрсеткiш – тәуелсiздiк коэффициентi, оның мәнi бiреу ғана- бұл коэффициентке қарап кәсiпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсiз екендiгiн және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Қазіргі жағдайда кәсіпорынның қаржы-экономикалық талдау үлкен мәнгеие. Сондықтан қарастырып, талдап, зерттеп отырған кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау өте маңызды.
Себебі – бұл кәсіпорынның тәуелсіздігі, меншік иелерінің пайызы, жұмыскерлер мен басқа да инвесторлардың алдында өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің толық түрде мағлұматтар, деректер беретін көздері болып сакналады.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей жіктеуге болады:
- Ішкі және сыртқы ортаға байланысты;
- Маңыздылығына қарай – басыңқы және басыңқы емес;
- Қарапайым (жәй) және күрделі;
- Тұрақты және уақытша;
Кәсіпорындағы ішкі факторлар өзінің қызметіне байланысты болады. Қаржылық – экономикалық талдау нәтижесі сондай-ақ сыртқы факторларға да байланысты болатыны анық. Кәсіпорында өндірілетін өнім және өндірістік технологиясымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы болып – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ қаржылық стратегияның негізінде инвестиция тарту мәселесі болжап білу болып табылады.
Инвестициялық тартымдылықтың маңызды факторларының бірі – кәсіпорындағы қаражат құрамы және құрылымы. Инвестициялық бағыт, оны ұйымдастыру мен басқару стратегиясы және қысқа мерзімді болжаулардың дұрыс таңдалынып алынуы.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына қарыздық міндеттемелер нарығының үлкен әсер етуі мүмкін. Сондықтан да “Мақтарал” АҚ-ның активтерінің қорлану көздерін талдау негізінде оларды бағалау қажет. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және тартылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының бар екендігін көрсетеді.
Тәуелсіздік коэффиценттің мәні – кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражаттарын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Батыс экономистері тәуелсіздік коэфицентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздрінің тұрақты құрылымын сақтау мүмкіндік береді. Ивесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды бақылайды. Себебі, осы жағдайларды кәсіпорынның қоржындық пайын иемденуге болады деп есептейді.
Тәуелсіздік коэффиценттін мешікті капиталды барлық авансталған капиталған бөлумен анықталады.
Ктәуелсіздік =Мк/Бв
КТ (2004 ж) = 127908 / 2882565 = 0,4
КТ (2005 ж) = 1297247 / 4103471 = 0,3
Бұл деректерден, кәсіпорынның меншікті капиталының шоғырлануы 0,1 позицияға төмендегенін аңғартады. Дегенмен, кәсіпорын инвестиция тартуға мүмкіншілігі бар бар екенін көрсетеді.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және кәсіпорынның атағына үлкен мән берілетін нарықтық экономкасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэфицентіне жоғары талап қойылмайды /33/. Мәселен, Ұлыбританияда оны 0,27 дейін темендетуге дейін болады.
3-кесте -“Мақтаарал” АҚ-ның капиталының құрамы және құрылымы.
№ | Көрсеткіштер | 2004 | 2005 | Өзгерістер | |||
соммасы мың тг. | % | соммасы мың тг. | % | +/- | % | ||
1 | Баланс валютасы мың тг. соның ішінде: 1.1 Меншікті капитал мың тг. 1.2 Қарыз капитал мың тг. | 2882565 1279081 1603484 | 100 44,4 55,6 | 4103471 1297247 2806224 | 100 31,6 68,4 | 1220906 18166 1202740 | 142,3 101,4 175 |
2 | Тартылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы коэффиценті | Х | 1,2 | Х | 2,2 | +1 | 183 |
3 | Тәуелсіздік коэффиценті | Х | 0,4 | Х | 0,3 | -0,1 | 75 |
4 | Тартылған капиталдың щоғырлануы коэффиценті | Х | 0,56 | Х | 0,68 | +0,3 | 123 |
5 | Меншікті капиталдың табыстылық коэффиценті | Х | 0,01 | Х | 0,008 | -0,002 | 80 |
6 | Қаржыландыру коэффиценті | Х | 0,8 | Х | 0,5 | -0,3 | 62 |
Деректер көздері: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтерінен.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткіші тартылған капиталдың меншікті капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті капиталдың қатынасының коэфиценті:
Кқ / ш = Тк / Мк ;
Тк – тартылған капитал
Мк – меншікті капитал
Кқ / ш 2004 = 1603484 / 1279081 = 1,2
Кқ / ш 2005 = 2806224 / 1297247 = 2,2
Бұл коэффиццент кәсіпорынның меншікті қаражаттарының әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражаттарын тартқанын көрсетеді. Қарастырылып отырған кәсіпорында әрбір меншікті қаражатқа 2005 жылы 1 теңге 20 тиын келетін көрсетіп отыр. Демек, кәсіпорынға қарық қаражаттарын пайдалануын жақсартуға көңіл бөлуі керек. Тәжірибеде Кқ / ш < 1 теңге . Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынға қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төнуі мүмкінділігі айтылдған, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті капитал қатынасының коэффиценті салалық ерекшіліктерге, кәсіпорынның шарушылық қызметінің сипатына және айналым қаражаттарының айналу жылдамдылығына да байланысты болады. Материалдық айналым капиталының айналымдылығының жоғарғы көрсеткіштері және дебиторлық борыштардың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффиценттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестілігіне ешқандай әсерін тигізбейді /34/.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың тартылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффиценті болып табылады.
Кқ = Мк / Тк ;
Мк – меншікті капитал
Тк – тартылған капитал
Кқ 2004 = 1279081 / 1603484 = 0,8
Кқ 2005 = 1297247 / 2806224 = 0,5
Бұл коэффицент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді кіріседі. Қаржыландыру коэффиценті < 1 болатын жағдай (кәсіпорынның меншікті капитал бөлігі қарыз қаражаттармен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің кауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындататын көрсетеді. “Атамекен” АҚ-ның бұл көрсеткіші 2005 жылы 0,3 пунке төмендеген, сондықтан кәсіпорын басшылығы осы бағытта белсенді жұмыс жасау керекігі алға шығады.
Әдетте кәсіпорындар кезеңдегі және жылдық бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, өтімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізеді. Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелер мен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіп пен топталады /35/. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдылығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді: абсалютті өтімділік коэффиценті, аралық өтеу коэффиценті, ағымдағы өтімділік коэффиценті. “Атамекен” АҚ-ның өтімділігін талдау барысы:
Абсалютті өтімділік коэффиценті.
Кабс = ақша қаражаты / ағымдағы міндеттемелер
Кабс 2004 = 68957 / 689498 = 0,1
Кабс 2005 = 267971 / 1487298 = 0,18
Кәсіпорынның абсалютті өтімділігі 2005 жылы 1,8 есе өскен. Бұл мәннің ұсынылатын мәні 0,2 болғанымен, мөлшерін белгілеу көбіне дұрыс болмайды. Себебі әр кәсіпорын банктегі шоттары мен кассадағы ақша көлемін өз көз қарастарымен шектеледі.
Аралық өтеу коэффиценті:
Кар. өтеу = ағымдағы активтер - ТМЗ / ағымдағы міндеттемелер
Кар. өтеу 2004 = 620548 / 689498 = 0,89
Кар. өтеу 2005 =1070854 / 1487298 = 0,72
Бұл мәннің төмендеуі “Мақтаарал” АҚ-ның ақша қаражаттарының түсуін қамтамасыз ететін дебиторлармен дұрыс жұмыс жасалмағандарын көрсетеді. Бұл өз кезегінде жеткізушілермен есептесуге көмектесетіні белгілі. Нәтижесінде аралық өтеу коэффиценті 0,16 пунктке төмендеп отыр. Кәсіпорын ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтердің арақатынасының тұрақтылығына үлкен мән беру қажет. Ағымдағы өтімділік коэффиценті:
Кағымдағы = ағымдағы активтер / ағымдағы міндеттемелер
Кағымдағы 2004 = 1241096 / 689498 = 1,7
Кағымдағы 2005 = 2825866 / 1487298 = 1,89
Бұл көрсеткіштердің ұсынылатын мәні 2 ≥ 1 болғандықтан, 2-ден асуы кәсіпорынның өз қаржы-қаражаттарын тиімсіз пайдаланылатын көрсетеді /35/.
- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
«Мақтаарал» АҚ бәсекелестік қабілетін жоғарлату мақсатында кәсіпорынның реконструкциясымен, қайта жарақтанудың техникалық іс шараларының жүргізуі қажет. Осы бағытта инвестициялық қызметін жандандыру яғни кәсіпорынның инвестициялық тартымдығын арттыру қажеттілігі алға шығуда. Осыған орай АҚ-да инвестициялық жоба жасалынды. Бірінші кезеңінде кәсіпорынның ескірген негізгі құралдарын жаңартып, қазіргі қолданыстағы құрал-жабдықтарды монтаждау ісін қарастыруда. Сондай-ақ екінші кезеңде шетелдік жоғары технологияны қазіргі кезеңге сай құрал-жабдықтарды іске қосу. Бұл өз кезеңінде шикі мақта өңдеуді жылына 20 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деген ұстанымдар бар. АҚ басшылығының бұл шешімдерін негіздеу барысында мамандар шақыра отырып. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, инвестициялық жоба жасалынды. Бұл жобаны жасаудың негізделуі:
- отандық және шетел нарығында мақтаға сұраныстың әрдайым болуына;
- жобаны іске асырудың негізгі қозғаушы күші болып, тазаланған мақтаға ішкі нарықтың және алдын-ала жасалынған келісім шарт бойынша батыс Еуропаға жеткізулер;
- жобаны іске асыру үшін «Мақтаарал» АҚ-ы дамыған инфрқұрылымға, нарық жағдайында жұмыс істей алатын өндірістік және жоғары маманданған мамандардың құрамына иелік етеді;
- осы алғашқы жобаны іске асырғаннан кейін кәсіпорын өндірісті модернизациялаудың келесі кезеңіне өтуді көздейді. Ол – соңғы жаңа технико-технологиямен қаруланып тазаланған мақтадан, жіа еру үрдісіне көшу;
- «Мақтаарал» АҚ-ы жаңа технологияны меңгеру үшін қажетті кәсіпқойлық деңгейге ие болып отыр.
Жобаны іске асырудың негізгі мақсаты шетел нарығына жоғары сапалы мақталарды тазалап келісім бойынша жеткізу, соның нәтижесінде кәсіпорынды әрі қарай дамытып, тартылған қаражаттарды тарту ұдайы өндіріс циклін тұрақты қамтамасыз ету.
Жоғарыдағы шарттарды орындау өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатып және оған сыртқы нарықта орнығуына оңтайлы жағдайлар жасайды.
Өнімді өткізу саясаты арнайы маманданған маркетингтік қызмет айналысады. Ол – отандық және шетелдік өткізу нарығындағы жағдайларды зерттеп, қадағалап отырады. Инвестициялық жобаны іске асырудың алғашқы жолында жарнамалық іс шараларға үлкен көңіл бөлінеді және компанияның сатып алушыларының әрекеттерін бақылауға арналады.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының жауапты кезеңі инвестициялық жобаны экономикалық негіздеу болып табылады. Нарық экономика жүйесінде қызмет ететін субъектілердің ерекшілігі олардың мақсаттарының айырмашылығынан көрінеді. Жобаның қаржылық негіздеушісі белгілі бір табыстылық мөлшерімен оның қатысушыларын қанағаттандыру негізінде анықталады. Инвестициялық жобаның тиімділігін негіздеуде ең жоғары табыстылық, ең төменгі еңбек шығындары, өтелу уақыты, залалсыздық, өнім сапасы, нарықтағы үлесі сияқты тағы да басқа көрсеткіштер болуы мүмкін. Жобаны іске асыруда шығындарды дұрыс есептеу өте маңызды сондай-ақ инфляция мен тәуекелділікті мөлшерін жіте бақылау алға шығады.
Ұзақ мерзімдегі инвестиция салуда өнімнің өміршеңділігі есепке алынады. Дүние жүзінде инвестициялық жобалар оң сипаты болса да қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік әсері болуы қажет. Тиімділігін бағалауда көбіне өтелу мерзімін қамтамасыз етуде табыс және инвестициялық рентабельділігі қарастырылады.
“Мақтаарал” АҚ басшылығының шақыруымен мамандардың есептеулері бойынша кәсіпорынға инвестиция тарту мақсатында барлығы 60000 мың теңге қаражат қарстырған. Оның 50000 мың теңгесі көлеміне жаңа технология желісін сатып алуды қарастырған. Меншікті айналым капиталын 10000 мың теңгеге өсіру көзделіп отыр.5 жылға есептелінген бұл жобаның Соңғы бесінші жылы есептелінген нақты қаражаттарды мамандардың есептеулері “Мақтаарал” АҚ-ның деректері бойынша 32330 – 12500 = 1380 + 3275 = 4655 мың теңгені құраса, технологияның қалдық құны 3275 мың теңге болып отыр. Бұл қалдық құн пайдалану мерзімінен кейін, яғни бес жылда 10% құрауы мүмкін деген есептен шығады. Ал қалдық құн шығындары 5% есептелген. 5000*0,5=250 мың. Сонда операциялық табыс 5000-250=4750 мың теңге, бұдан алынатын кәсіпорын салығы ҚР салық кодексі бойынша 30%. 4750*0,30=1425 мың теңге. Таза қалдық немесе жою құны 500-1425 = 3575 мың теңге бойынша болып отыр. Бұл дегеніміз инвестиция әсері (эффектісі) 3575 мың теңгені құрайтынын көрсетеді. Жалпы “Мақтарал” АҚ-ның инвестициялық жобасын талдау барысы кәсіпорынның инвестициялық қаржыландырудың несиелік немесе қарыздық кәсіпорын мүлкін кепілге беру саясаты басшылықтың үлкен жауапкершілікке баратындығын көрсетудегі әдіс- намалық шараларды қолдануы мүмкін.
4-кесте-“Мақтаарал” АҚ инвестиция тарту мақсатында есептелінген инвестициялық жобасы.
№ | Көрсеткіштер | Жылдар | ||||
1-ші | 2-ші | 3-ші | 4-ші | 5-ші |
1 | Өнімді өткізуден түскен түсетінтабыс, мың тг. | 75000 | 88000 | 102000 | 107000 | 105000 |
2 | Жұмысшылардың жылдық еңбек ақысы, мың тг. | 20000 | 21000 | 22000 | 23000 | 24000 |
3 | Шикізат, материалдар құны, мың тг. | 25000 | 27500 | 30000 | 32500 | 35000 |
4 | Тұрақты шығындар, мың тг. | 1000 | 1000 | 1000 | 1000 | 1000 |
5 | Амортизациялық аударымдар, мың тг. | 10000 | 10000 | 10000 | 10000 | 10000 |
6 | Кредит пайыздары бойынша, мың тг. | 12500 | 12500 | 9400 | 6300 | 3100 |
7 | Салық салынғанға дейінгі табыс, мың тг. | 6500 | 16000 | 29600 | 34200 | 31900 |
8 | Табыс салығы (30%), мың тг. | 1950 | 4800 | 8880 | 10260 | 9570 |
9 | Жобаланған таза табыс, мың.тг | 4550 | 11200 | 20720 | 23940 | 22330 |
10 | Операциялық қызметтен түсетін таза түсімдер, мың тг. | 14550 | 21200 | 30720 | 33940 | 32330 |
Деректер көздері: “Мақтаарал” АҚ-ның мәліметтерінен.
Осы кесте нәтижесінде «Мақтаарал»АҚ-ның инвестициялық түсімі инвестициялық жобаға байланысты табыс табуға бағытталған. Бұл кестеден көптеген мағлұмат алуға болады. Соның ішінде жобалық таза табысты атап өтетін болсақ бірінші жылы 4550 мың теңгеден жоспарланған таза табыс бесінші жылы 22330 мың теңгеге дейін өсетінін көреміз. 17780 мың теңге өсіп, 490 пайыздық көрсеткіште бес жыл ішінде жоспарланып отыр.
5-кесте- “Мақтаарал” АҚ инвестициялық жобадағы қаржылық қызметі.
1 | Меншікті капитал, мың тг. | 10000 | - | - | - | - |
2 | Ұзақ мерзімді қарыздар, мың теңге. | 50000 | - | - | - | - |
3 | Қарызды өтеу, мың теңге. | - | -12500 | -12500 | -12500 | -12500 |
4 | Қаржылық қызмет сальдосы, мың теңге | 60000 | -12500 | -12500 | -12500 | -12500 |
5 | Нақты қаражаттар түсімі, мың теңге | -45450 | 21200 | 30720 | 33940 | 32330 |
6 | Нақты қаражаттардың сальдосы мың теңге | 14550 | 8700 | 18220 | 21440 | 19830 |
7 | Жинақталған нақты қаражаттар сальдосы, мың теңге | 14550 | 23250 | 41470 | 62910 | 41270 |
Деректер көздері: “Мақтаарал” АҚ-ның мәліметтерінен.
Кестенің нақты инвесторлардың зерделеп, қарастыратын позициясы. Нақты қаражаттар түсімі сәйкесінше алғашқы жылы теріс мән береді. Ал екінші жылдан бастап 21200 мың теңгеден жобаның бесінші жылы 32330 мың теңгеге өседі. Бұл 11130 мың теңге айырмашылығы. “Мақтарал” АҚ есебі бойынша жинақталған нақты қаражаттар 14550 мың теңгеден 41270 мың теңгесі банк несиесін қайтаруға.Сатылып алынатын технологияның бір қалыпты амортизациялық жылдық аударымдыр сомасымен қоса есептелінген қаражаттарпайыздық көрсеткіште бұл бап әр жылы 10000 мың теңгені құрайды. “Мақтаарал” басшылығының есептік саясаты бойынша бұл технологияға, сондай-ақ еліміздің қазіргі экономикалық-тұтұнушылық қабілетін талдау жасай отыра, инвестицияның несиелік жүйесін таңдағандылығын көреміз.
6-кесте- “Мақтаарал” АҚ-ы жобасының тиімділігінің негізгі көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Жылдар | ||||
1-ші | 2-ші | 3-ші | 4-ші | 5-ші | ||
1 | Инвестициялық қызметтің әсері (тиімділігі) мың тг. | -60000 | - | - | - | 3575 |
2 | Нақты ақшалай қаражаттардың түсімі, мың тг. | -45450 | 21200 | 30720 | 33940 | 32330 |
3 | Операциялық қызметтің әсері (тиімділігі) мың тг. | 14550 | 21200 | 30720 | 33940 | 32330 |
Дерек көз: “Мақтаарал ” АҚ мәліметтерінен.
Бұл жоспарланған жоба әрине, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы әлеуметтік-экономикалық факторларына тікелей байланысты екені белгілі.
3 кәсіпорындардың Инвеститциялық тартымдылығын АРттыру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру
Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырылған. Қазiргi таңда Қазақстан жан басына шаққандағы инвестиция тарту ауқымы алғанда ТМД елдерiнiң арасында көш басында келедi. Шетелдiк тiкелей инвестициялардың жыл сайынғы таза арасалмақ түсiмi орташа алғанда ЖIӨ-нiң 8-10% құрайды. Ендi инвестициялар бiздiң ғарыштап алға дамуымызға соңғы серпiн беретiн күшке айналып отыр/43/.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк потенциалды құрудың әлемдiк нарықта бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер” атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды. Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге (мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi әдiстерi) жатады.
Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектi мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi. Инвестициялық тартымдылықты арттыруда мемлекеттiк реттеудiң қызметтерiн, түрлерiн және әдiстерiн қаратстырайық.
Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен жөн: 1.Шетелдiк капиталды тарту кезеңi; 2.Тартылған капиталды қолдану кезеңi;
Шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң әр кезiнде мемлекет қызметтерi мен реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және акционерлiк емес кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары жеке шетелдiк капиталды халықаралық кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция) түрiнде тарату және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек реттеудi талап етедi. Қазақстанда “Сыртқы қарыздарды басқару” туралы жаңа заң жобасына сәйкес инвестициялық жобаларды iрiктеудiң келесiдей механизмi қабылданды. Негiзiнен бұл Қазақстан Республикасы мемлекетi тарапынан кепiлдiкке ие несиелер арқылы қаржыландырылуын талап ететiн жобалар.
Мемлекеттiк кепiлдiктер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен мемлекеттiк емес сыртқы заемдердiң есебiнен қаржыландыруға ұйғарылатын, Қазақстан Республикасының үкiметiн жыл сайын бекiтiлетiн экономиканың басым секторларының тiзiмiне сәйкес берiледi. Бұл тiзiм баршаны хабардар ету үшiн мiндеттi түрде жариялануы тиiс.
Егер өтiнiш беретiн тұлғаның сәйкес несиелiк рейтингi және инвестициялық жоба бойынша кепiлдiк мiндеттемесi болса, онда өтiнiш беретiн тұлға Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгiне Мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы өтiнуге құқылы. Несиелiк рейтинг деңгейi, рейтингтiк агенттiк тiзiмi және контргаранттарға қойылатын талаптарды үкiмет белгiлейдi. Егер өтiнiш беретiн тұлғаның сәйкес несиелiк рейтингi және инвестициялық жоба бойынша кепiлдiк мiндеттемесi болса, онда өтiнiш беретiн тұлға Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгiне Мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы өтiнуге құқылы. Несиелiк рейтинг деңгейi, рейтингтiк агенттiк тiзiмi және контргаранттарға қойылатын талаптарды үкiмет белгiлейдi.
- Кәсiпкерлiктiң акционерлiк емес әдiстерiн реттеу. Бұл процесс әлемде және тiптi ТМД-нiң көптеген елдерiнде танымалы емес, бiрақ Қазақстанда үлкен өрiс ала отырып, мемлекет тарапынан әсiресе шетелфирмаларын тарту кезеңiнде тиянақты жұмысты талап етедi. Мемлекеттiк реттеу басқарылуға берiлетiн кәсiпорындарды өзiн iрiктеуден басталады. Кәсiпорын өзiнiң көтерiлуi үшiн аса көп инвестициялық ресурстарды талап ететiн және зиянды болу керек. Реттеудiң негiзгi механизмi iрi эксперттердi тартумен өтетiн конкурстың ашық механизмi болып табылады. Кәсiпорынды басқаруға беру туралы шешiм тек инвесторлардың ұсынып отырған шарттары және оның мемекетке пайдалылығы тиянақты өлшенгеннен кейiн қабылданады.
- Халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi түрлерiн реттеу ақша-несие, қаржы және экономикалық саясат тетіктері және де шетелдiк инвестиция бойынша арнайы заң көмегiмен жүзеге асырылады. Осы факторлар мемлекетте инвестициялық хал-ахуалды түзедi. Экономикалық практикада кең тараған рычаг шетелдiк инвестицияны ынталандырудың салықтық механизмiн қолдану боып табылады.
Күштi бюрократтық аппараты бар мемлекет инвесторлардың тәуелсiздiк жағдайымен кейде келiсе алмайды және жасырын түрде тiкелей шетелдiк инвестиция процесiне араласады. Бұл көбiнесе мемлекет және инвестор арасындағы қатынаста көрiнедi.
Шетелдiк капитал мен инвестицияны тарту және қолдану саясаты негiзiнде нақты экономикалық жағдай және мiндетке байланысты әр түрлi формада жүзеге асырылатын базалы принциптер жатыр.
Бұл принциптер келесiлер:
- Экономикалық қауiпсiздiк принципi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несиенi (сыртқы қарыз беру) тарту және қолдану үшiн бұл принцип сыртқы борышты және терiс сальдоны ұлғайтуға әсерi сияқты экономикалық қауiпсiздiк параметрлерiн секеру керектiгiн бiлдiредi.Өзiнiң табиғаты бойынша жеке капитал – бұл тиiмдi сфераны iздеушi капитал және дамушы елдерде бұл үшiн тиiмдi сфера ретiнде табиғи ресурстар, шикiзат салалары болып табылады. Бiрақ осы салада өндiрiстiң бiр жақты дамуы тек халық шаруашылығында үйлеспеудi күшейтiп қана қоймай, сонымен қатар әлемдiк нарықта зияндылықты және бағаның тербелуiне тәуелдiлiктi күшейтедi, бұл жағдай да елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн төмендетедi.
- Мемлекеттiң инвестициялық мақсаттарын iске асыру принципi. Шетелдiк инвестициялар мемлекетпен реттелуi керек және келесi макроэкономикалық мiндеттердi шешуге бағытталуы керек: ЖIґ өсiмi; төлем балансын жоғарылату; өндiрiстiң және жұмыс бастылықтың тербелуiн басу; бағаны тұрақтандыру және инфляцияны төмендету; мемлекеттiк бюджет тапшылығын төмендету және басқалар. Осында шетелдiк инвестициялардың тиiмдiлiк критерийi экономиканың бәсекелеске қабiлеттiлiгiн жоғарылату болып табылады.
- Шетелдiк капиталды қолдану бағыттарының сатылығы мен басымдылық принципi. Шетелдiк капиталды және инвестицияны қолдану бағытының дамуы оның жеткiлiксiз және дағдарыстық жағдайынан жоғары даму деңгейiне дейiн экономиканың дамуының жалпы мiндеттерiне бағынады. Бұл даму келесi стадияларды қамтиды:
а) импортты алмастыру
б) экспортқа бағытталу
в) ғылым сиымды технология негiзiнде экономиканы құру.
- Несиенi қолданудың жобалық әдiсi принципi. Сыртқы заем берудi (мемлекеттiң халықаралық несиесi) қолдану және бақылауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында мемлекет приоритеттi бағыттар мен жобалардың тiзiмiн жасау керек. Қаржыландырудың жобалық әдiсi кез-келген несие берудiң негiзiнде жатуы керек.
- Несие құнынан iшкi қор жинау нормасының асуы принципi. Несиенi қолданудың экономикалық эффектi тек мына жағдайда болады, егер елде негiзгi сома мен проценттi төлеу түрiнде кредиторға қайтарылатын несие құнына қарағанда, қаржы немесе материалдық байлық көп болатын болса. Керi жағдайда несие зиян әкеледi деп саналады.
- Жобамен несиенi тарту принципi. Бұл принцип төртiншi принциппен ұқсас, бiрақ айырмашылығы – ол қолдануға емес, жан-жақты талдау жүргiзiлген инвестициялық жобаны iске асыруға және оның өсiмiн жылдамдатуға қажеттi несие тарту саясатына бағытталған. ґкiнiшке орай, тарту процесi ТМД-ның көптеген елдерiнде аясы тар мақсатқа айналды. Алдымен қаражат тартылады, кейiн жобаны несиелiк линиямен iрiктеу басталады. Мұндай тәртiп тарту процесiн анық концептуалды негiзi және механизмi жоқ астанкестенгеайландырады. Жоба несиемен iрiктелмей, керiсiнше несие жобаға сәйкес тартылуы керек.
- Жобаны iрiктеу кезiндегi конкурстылық принципi. Жобалар арасында приоритеттi бағыттар бойынша конкурстар жүргiзiлуi керектiгiн бiлдiредi.
- Сыртқы заем берудiң әрттүрлi формаларын салыстырмалы бағалау принципi. Мемлекеттiк саясатты жасау кезiнде ұсынғанды ала беру принципiмен жетекшiлiк етуге болмайды. Мысалы, ұзақ мерзiмдi несиелер қысқа мерзiмдiге қарағанда артықшылығы бар, егер мемлекет қысқа мерзiмдi несиенiң үлкен көлемiн алатын болса, онда ол борыштылық тәуелдiлiкке ұшырауы мүмкiн, себебi мұндай несиенi қолданудың тиiмдiлiгi аз.
- Инвестициялық хал-ахуалды жақсарту принципi.
- Шетелдiк капиталдың стратегиялық және басымды салаларға кiруiн шектеу принципi. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, ресурстық немесе экономикалық базасы бар кез-келген дамушы ел инвесторларды тек экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн ғана емес, сондай-ақ қалыпты ұзақ мерзiмдi экономикалық даму мақсатында басымды салаларға кiруiн шектеу керек.
- Шетелдiк инвесторлар үшiн тең құқылы жағдай принципi. Шетелдiк инвесторлар өз инвестициялық қорларын қосымша салықтық жеңiлдiксiз де дамушы елдерге салуға ынталы (өткiзу нарығының сиымдылығы, өндiрiс факторларының құнының төмендiгi және т.б.). Жеңiлдiк жағдайларды жасау шетелдiк капитал қйылуы бойынша күтiлген тиiмдiлiктi бермей жергiлiктi инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiне керi әсерiн тигiзедi.
- Табысты аударуға уақытша шектеу принципi. ТМД-ның кейбiр елдерiнiң заң актiлерiне енген және кең тараған пiкiр табысты шет елге аударуға шектеу болмау керек – деген пiкiр кателiк болып табылады. Алғашқы табысынан бастап пайданы шетелге шектеусiз аудару жағдайында мемлекет ешқандай пайда көрмейдi. Басқа дамушы ел тәжiрибесi көрсеткендей, олардың көбiсi шектеу рычагын қолданады. Чили, Боливия, Мексика заңдарына сәйкес шетелдiк компания бес жылдан ерте пайданы аударуға құқығы жоқ.
Мемлекеттiк саясат принциптерi жүзеге асыру кезiнде маңызды жағдай несие - инвестициялық саясатты реттеудiң ұйымдық механизмi болып табылады.
Мемлекеттiк механизм шетелдiк капитал мен инвестицияны тарту және қолданудың ұлттық концепциясын жасауға негiзделуi керек. Концепция шетелдiк капитал және инвестиция жөнiнде мемлекеттiк саясат принциптерiнен басқа бағдарламалық шаралар мен оны орындауды бақылау механизмiн қамтуы тиiс. Мысалы, сыртқы заем беру (халықаралық, мемлекеттiк, банктiк несие) бағдарламасы бөлiмiнде көлемi, түрi, қолдану бағыттары сияқты бөлiмдер болуы керек.
Қазақстанда кпиталды тарту тәжiрибесiнiң тағы бiр кемшiлiгi туарлары несиенi кең қолдануы болып табылады. Бұндай несиенiң түрiн қолдану икемсiз, сонымен қатар елдiң халықаралық беделiн түсiретiндiгiн ескеру керек
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары
Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11-маусымында басталған-ды. Инвестициялық жобалардың табысты іске асу мақсатында жобаның орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз ететін , жобаның техникалық-технологиялық жақтарын жүзеге асыру үшін маркетингтік және технологиялық жеткілікті тәжірибесі бар және акциялардың 50 пайыздан астамын бақылайтын стратегиялық инвесторлары бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысқанды неғұрлым тиімді болады деп санаймыз.
Қазақстанда және дүниежүзінің басқа елдеріндегі салаларды дамыту беталысын талдау негізінде бәсекеге қабілетті салалар мен кластерлерді құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды бағыттары анықталды, атап айтқанда:
- ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (консервілік, жүнді және мақтаны қайта өңдеу өнеркәсібі мен басқа салаларды есептегенде агроөнеркәсіптік кешен);
- құрылыс материалдарының өндірісі (алғашқысынан бастап құрылыс материалдарының әрлеу мен қапталына дейінгі өндірісіне шейін);
- әйнек өнеркәсібі;
- химия және мұнай химия өнеркәсібі;
- металлургия;
- машина жасау;
- орман және ағаш өңдеу өнекәсібі;
- балық өнеркәсібі;
- инфрқұрылым (энергетика және көлік).
Қазіргі уақытта қор қызметінің түйіні құрылымды құрайтын мәні бар және экономикалық кластерлерді жаңадан құру мен құрастырылғандарын толықтыруға жағдай жасайтын ірі және келешегі бар маңызды жобаларды кезеңмен қаржылындыруға ауыстырылды.
Құрылғанына көп уақыт өтпеседе, ел экономикасына өзіндік бедері мен еніп, бүгінгі айшықты орын қалыптастыра бастаған «Қазақстанның инвестициялық қоры» Акционерлік Қоғамы еліміздегі даму институтарының бірі ретінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің тікелей қозғау салып ықпал етумен дүниеге келген болатын. Бастапқыда бұл игі шараның негізі Қазақстан Республикасының индустриялдық инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында салынды.
Әр саладағы көптеген кәсіпорындарға инвестиция салып, оларды акционерлендіруіне қарап, қорды бірнеше кәсіпорындардың басын біріктіруші холдингтік құрылым депте қарауға болмайды, өйткені акцинерленген кез – келген кәсіпорынның акцияларының бақылаушы пакеті Қордың иелігінде емес, ол әрбір жобаның бастамашыларына тиесілі. Мұнда қор оларға бизнесті жолға қою тұрғысынан мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас орнатуға, салықтық басымдықтар алуға, инвестиция тарту үшін, шикізат алу үшін ұзақ мезімдік келісім шарттар жасасуға, инфрқұрылымдық мәселелерді шешу тұрғысынан және басқа да мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.
Қазақстанның инвестициялық қорының құрылу арқылы елімізде қазір үлкен бір жаңаша іс қолға алынып отыр. Өйткені акционерлік капитал арқылы инвестиция тарту мәдениеті, сол арқылы ірі жобаларды жүзеге асыру саясаты Қазақстанда дами қоймаған. Бұл бизнес жүргізудің бұрыннан қалыптасып қалған салдары. Жалпы, инвестициялық жобалардың жемісті жүзеге асу тұрғысынан алғанда, Қазақстанның инвестициялық қоры жарғылық капиталына инвестиция салатын кәсіпорынның үлкен үұлесі кәсіпорын акциясының бақылаушы пакетін ұстайтын әрі жобаның техникалық-технологиялық жағын іске асыратын тиісті маркетингтік жіне технологиялық тәжірибесі бар стратегиялық инвестордың (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) қолында болғаны тиімді деп есептеледі. Статистикалық деректерге қарасақ соңғы бірнеше жылдың ішінде ішкі инвестицияның үлес салмағы сыртқы инвестицияның үлесінен жоғарылаған. Бірақ ішкі инвестицияның орасан бөлігін шетелдің бақылауындағы кәсіпорындар көтеріп отыр. отандық бизнеске тиесілі кәсіпорындардың инвестициясы анағұрлым төмен. Сондықтанда экономиканың бұл бағыттағы қадамын алға бастыру үшін бүгінгі ең маңызды мақсат- ішкі мүмкіндіктерді барынша іске қосып, таразы басын оңға бұруға күш салып, ішкі сапалы өндіріске жан бітіру қажет. Инвестициялық қордың қолға алынған әрбір жоба бойынша тек қана нақты нәтижеге қол жеткізуі де осыдан.
Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына , ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын , өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.
Кәсіпорында инвестициялық тартымдылықты арттыру саясатын жүргізген кезде мыналарды ескеру керек:
- өндіріс орынның қаржылық ахуалы;
- өндірістің техникалық дәрежесі;
- аяқталмаған құрылыс;
- лизинг арқылы құрал-жабдыктарды алу мүмкіншілігі;
- меншікті қаржының жеткіліктілігі;
- капитал нарығының конъюктурасы;
- мемлекеттен келетін жеңілдіктер;
- инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;
- сақтандыру қызметі;
- салық;
- маркетингтік зерттеу;
- өнімнің сату бағасы;
- өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;
- жалпы өнімнің мөлшері;
- инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының динамикасы;
- нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;
- техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншлігі.
Инвестицияны өндіріс орнында басқаруды жақсарту үшін мынандай шараларды қолдану керек:
- инвестиция кызметінің қажеттілігін табу;
инвестициялық табыстың үлес салмағын преферениялау болып табылады, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін, берілетін жеңілдіктер. Жеңілдіктер үш түрде болып келеді:
- инвестициялық салыктық преференциялар;
- кеден баждарын салудан босату;
- мемлекеттік заттай гранттар.
Инвестициялық преференцияларды беру талаптары:
- көздетілген қызметтердің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болу керек;
- осы заманға сай техникалар қолдана отырып жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды кеңейту.
Қолданылып жүрген инвеститцияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келсiмдердiң барлық шарттарын iс жүзiнде сақтаудың- кәсіпорындарға маңызы үлкен.
«Мақтарал» кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, инвестициялық жоба жасалынды. Бұл жобаны жасаудың негізделуі:
- отандық және шетел нарығында мақтаға сұраныстың әрдайым болуына;
- жобаны іске асырудың негізгі қозғаушы күші болып, тазаланған мақтаға ішкі нарықтың және алдын-ала жасалынған келісім шарт бойынша батыс Еуропаға жеткізулер;
- жобаны іске асыру үшін «Мақтарал» АҚ-ы дамыған инфрқұрылымға, нарық жағдайында жұмыс істей алатын өндірістік және жоғары маманданған мамандардың құрамына иелік етеді;
- осы алғашқы жобаны іске асырғаннан кейін кәсіпорын өндірісті модернизациялаудың келесі кезеңіне өтуді көздейді. Ол – соңғы жаңа технико-технологиямен қаруланып тазаланған мақтадан, жіа еру үрдісіне көшу;
Жобаны іске асырудың негізгі мақсаты шетел нырығына жоғары сапалы мақталарды тазалап келісім бойынша жеткізу, соның нәтижесінде кәсіпорынды әрі қарай дамытып, тартылған қаражаттарды тарту ұдайы өндіріс циклін тұрақты қамтамасыз ету.
“Мақтаарал” АҚ-ның қаржы көрсеткіштерінің құрамына:
- Құрылыс алаңын дайындау, жобалық-зерттеу және жобалық-конструторлық жұмыстар, технологилық құрал-жабдықтар алу оны монтаждау сияқты бір кезеңдік шығындары;
- Жобаны іске асыру кезеңіндегі ақша қаражаттарының түсу көлемі мен мерзімдері енген;
- Негізгі экономикалық көрсеткіштер;
- Инвестициялық шығындар және қаржыландырудың жоспары;
- Өндіру мен өткізудің бағдарламасы;
- Жабдықтардың күтілуі мен жөнделуі;
- Әкімшілік және үстеме шығындар;
- Айналым капиталдың қажеттілігі;
- Амортизациялық аударымдар;
- Ақша қаражаттарының қозғалысы;
Жоғарыдағы шарттарды орындау өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатып оған ішкі және сыртқы нарықта орнығуына оңтайлы жағдайлар жасайды.
Қорытынды
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.
Инвестициялық iс-әрекет еліміздің экономикасын дамытудың маңызды факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан да инвестициялық iс-әрекеттi жандандыру әрдайым өзекті мәселелердiң бiрi болып табылады.
Елдiң экономикалық өсуiнiң орнықты қарқынына қол жеткiзу үшiн тiкелей инвестициялардың қуатты құйылуын қалыптастыру қажет. Бұл үшiн мына негiзгi мiндеттер орындалуы тиiс:
а) Жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту;
ә) Жаңа инвестицияларды тартуды жандандыру;
б) Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың жүйесiн одан әрi жетiлдiру;
Инвестициялық ахуалды жақсарту инвестицияларды шетелдiктердiң ғана емес, отандық инвесторлардың да экономиканың нақты секторына салуын тиiмдi ететiндей, шетелдiк капиталдың құйылуына да, сондай-ақ iшкi капиталдың шетелге кетуiн болдырмауына да жәрдемiн тигiзетiндей iскер ортаны қалыптастыруды талап етедi. Бұл үшiн нормативтiк құқықтық базаны, салық және кеден режидерiн, жұмыс күшi рыногын, жер және жылжымайтын мүлiк рыногын, көлiк және коммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын, банк және қаржы қызмет көрсетулер рыногын одан әрi дамыту қажет.
Жаңа инвестицияларды тартуды жандандыру мақсатында халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдар мен өзара iс-қимылды күшейту, жарнамалық-ақпараттық тетiктердi пайдалану, инвестициялардың сыртқы рыногында жарнамалық-ақпараттық қызметтiң тұрақты жұмыс iстеуi мен жандандырылуы тиiс.
Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың жүйесiн жетiлдiру инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың заңдық базасын жақсартуға, тiкелей инвестицияларды фискальдық ынталандырудың жүйесiн жетiлдiруге, мемлекеттiң инвестициялық тәуекелдердi сақтандыру жүйесiн құруға және инвесторлардың ағымдағы проблемаларын тиiдi шешуге бағытталуы тиiс.
Инвестициялық тартымдылықты арттыру iс-әрекеті еліміміздің экономикасын дамытудың маңызды факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан да инвестициялық iс-әрекеттi жандандыру әрдайым басымды мәселелердiң бiрi болуы тиiс.
Бірінші бөлімде кәсіпорыннның инвестициялық тартымдылығын арттырудың теориялық негіздері қарастырылған.
Екінші бөлімде «Мақтаарал» акционерлік қоғамының нарықтағы сипаттамасы, сондай-ақ экономикалық, қаржылық жағдайы талданады. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында жасаған инвестициялық жобасы талданған.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру және кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары ұсынылған.
Міне осыншалықты тәжірибеден кейін барып кәсіпорында тиімді жүйе пайда болды. Қазақстан компаниялары да табысты көтерілу үшін, мамандалған менеджментке ие болу керек. Дағдарыс кезінде басшы көптеген баламалы шешімдерді қарастыру керек. Қазіргі кезде білімді басқарумен өз фирмасының құрылымын білу керек, осы құрылымның жаңалық енгізуге қандай мүмкіншілігі барын түсіну керек, болашақта қандай өзгертулер болатынын болжай білу керек.
Кәсіпорынның бәсекегеқабілеттілігін сақтау үшін, жұмыс бір нақты өнім мен тұтынушыға жұмсалу керек. Ұйым құрылымы-фирма бөлімдері жақсы байланыста болуын, жауапкершілік пен құқықтардың дұрыс бөлінуін қалайды. Алайда бұл мақсаттар кәсіпорынның басқару жүйесінің дамытылғанына да байланысты. Болашақта үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін тұтынушыларды зерттей білу керек, бәсекенің әр жақтарын білу керек және өндірістің құрылымын меңгеру қажет.
Ұйымдастырушы құрылым әр бөлімнің бір-бірімен деген байланысын қамтамасыз етеді және алға қойған мақсаттарына жету үшін, жауапкершілікті бөліп береді. Ұйымдастырушылар фирмалардың арасындағы байланысты да қадағалайды.
Ұйымдастыру жұмыстарын алға жылжыту үшін құқықтары жақсы білу керек, ең басты мақсаты басқарудың тиімділігін жоғарылату қажет.
Ұйымдастырушы структура ең бастысы фирманың барлық бөлімдерінде жақсы байланыс болғанын қалайды, олардың әр қайсының құқығын және жауапкершіліктерін бөліп береді.
Сонымен алға қойылған мақсаттар мен оның орындалу мүмкінділігі өте жоғары, елдің жоғарығы шикізат қорларымен территориясының әлемдегі тоғызыншы орында және орналасқан жері Еуразия материгінің ортасында және екі жағындағы көршілерін ескерсек Еуропа мен Азияны қосатын ірі экономикалық аймаққа айналады десек қателеспейміз. Осындай жағдайда біз 2005 жылға дейін индустриалды экономикаға жетуіміз қажеттігін президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2015 жылға дейінгі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасында айтып кеткен болатын. Ол үшін тек мемлкет пен үкімет ойланып қана қоймай, бүкіл халық өз үлестерін қосу қажет екенін жеке айтып кеткен жөн. Қазақстанның осындай байлықтарымен территориясының кеңдігімен, адам ресурстарының жоғарғы білімділігімен XXI ғасырда дүние жүзінде өзінің орнын табатынына күмәніміз жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Н.Ә. Назарбаев Қазақстан 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы: Білім, 1998.
- Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2006 жыл, 1-наурыз.
- Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2005жыл, 18-ақпан.
- Богатов В.В. Инвестиции: Инвестиционный портфель. Источник финансирования. Выбор стратегии. СПБ: Питер 2003г.
- Беренс В., Хавранек П.М. Руководство по оценке эффективности инвестиций. Пер.с анг.М. Юнити 2000г
- Вахрин П.И. Инвестиции: Учебник. М: Дашков и К 2003г
- Липсис И.В. и др. Инвестиционный проект: методы подготовки проекта. Москва, 1998г
- Ефимов Б.И. Инвестиционный комплекс технического процесса. М: Наука 1996г
- Ендовицский Б.И. и др. Практикум поинвестиционному анализу. Уч. пособие М: Финансы и статистика ,2001г
- Косолапов Г.В. Анализ финансовой устойчивости предприятия// Бизнес и буудущее. Вектор развития. Алматы. 2005,-том1 124-127б.
- Кульман Анри О современных методах финансового анализа // Бизнес и банки.-2002.-№68-9б.
- Экономика предприятия. Учебник для Ву3зов. В.Я. Горфинкеля,проф.В.А. Швандара.-2-е изд.,перераб и доп.-М.Банки и биржы.ЮНИТИ,2003-630б.
- Кэмпбелл Р. Макконел, Стэнли Л., Брю Экономикс. Т.2. –М: Республика. 1992. С.204.
- Савицкая Г.В Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск,2004-530б.
- Маркарьян Н.А Герасименко Г.П Финансовый анализ-М: «ПРИОР,1999-360б.
- Торговое дело: экономика и организация. Под.ред. Л.А Брагина :ИНФРА-М,2001.-320б.
- Павлова Л.Н. Финансовый менеджмент.Управление денежным оборотом предприятий: Учебник для вузов.-М:Банки и биржы,ЮНИТИ, : 1999.406б
- Стоянова Е.С Финансовый менеджмент в условиях инфляции.-М.Перспектива,2003-360б.
- Грузинов В.П Экономика предприятия. М ЮНИТИ.2003-450б.
- Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиции. Анализ отчетности.-М.Финансы и статистика,2000-360б.
- Финансовое управление компании.Под.ред.Е.В Кузнецовой.-М Фонд «Правовая культура»,1999-450б.
- Крейнина М.Н. Финансовое состояние предприятий. Методы оценки.-М.Издательство «ДИС»,1999-280б.
- Маркетинг.Учебное пособие/ Под ред. д.э.н., профессора Мамырова Н.К.-Алматы.Экономика,1999-450б
- Давильбекова Ж. Роль иностранных инвестиций в экономике Казахстана // Аль-Пари. –2001. N1-1. -.73-77.
- Еспенбетова Б. Обоснование инвестиционной политики накопительных пенсионных фондов // Банки Казахстана. –2002. – N11. –с.56-63.
- Мухетдинова Н. Инвестиции и государственная инвестиционная политика // Российский экономический журнал. -–2002. N8. –с.50-
- Колтынюк Б.А. Инвестиционные проекты. Учебник , ИНФРА-М,2001.
- Валдайцев С.В. и др. Инвестиции: учеб. Москва: «Проспект» 2004г
- Налоговый Кодекс Республики Казахстан.Алматы.2005ж
- Ихданов Ж., Орманбеков Ә. Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң мәселелерi. Алматы: Экономика, 2002 ж.
- Идрисов А.Б. “Cтратегическое планирования и анализ эффективности инвестиций” М:1998 г.
- Инвестиции в Казахстане: Материалы научно-практической конференции // Под.ред. Н.К. Мамырова – Алматы: Экономика, 1997 г.
- Инвестиционная деятельность в Республике Казахстан: Статистический сборник // Под.ред.А.А. Смаилова. –Алматы: Агенство РК по статистике, 2004 г.
- Инвестиционная привликательност: Южно-Казахстанская область - Investment Attractiveness: Soutth Kazakhstan oblast; Информационный справочник. Алматы: Нурлы алем, 2000 г.
- Карамендин Т. Роль иностранных инвестиций в экономике Казахстана // Евразийское сообщество. 2002. –N2. с.56-74.
- Кирюхин Ю. Инвестиционная политика в области, Анализ и предложения // Южный Казахстан. –2000. –7июля. –с.1,3
- Кирин А.В. Регулирование иностранных инвестиций в экономический развитых странах. М:Изд-во МГУ, 2001. –72 с.
- Концепция государственной политики РК (проект). –Алматы. –2003.
- Кочуров Н.И. Государственное регулирование инвестиционной деятельности в условиях рынка. //Пищевая промышленность. –2002. –N12. –с.10-11.
- Мамырова М.К. Эффективность инвестиций в промышленном производстве: Монография. –Алматы: Экономика, 2001. –230 с.
- Майлин Б. Иностранные инвестиции в экономике Казахстана: анализ, объемы, структура // Казахстанская правда. –2002. –29 дек. –с.3.
- Мухетдинова Н. Инвестиции и государственная инвестиционная политика // Российский экономический журнал. -–2002. N8. –с.50-60.
- Назарбеков К. Особенности инвсетиционного рынка в Казахстане// Аль-Пари. –2001. N5-6. с.32-37.
- Назарбеков К. Имидж уже создан. Инвесторы проявляют интерес // Южный Казахстан. –2001. N10, 26 января. –с.4.
- Омаров А.Д. Инвестиционные целевые концепции развития и совершенствования государственной и общественоой политики Казахстана // Вестник Казахской Академии транспорта и коммуникаций. –2002. –N6. –с.3-6.
- Шалгимбаев К. Релизуя государственную инвестиционную политику //Казахстанская правда. –2002. –6 дек. –с.4.
- Статистический ежегодник Казахстана, 2003. Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2004.
- Региональный статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник // Под.ред. Смаилова А.А. Алматы:2001.
- Минин Б.А. Уровень качества. Социально- экономические вопросы оценки качества и защита потребителя.-М.: Изд-во стандартов, 2002.
- Каренов Р.С. Терминология рыночной экономики и бизнеса. Алматы: Гылым, 1994
- Турсумбаев Б.М., Петренко И.Я., Исмуратов С.Б. Основы организа-ции бизнеса. Учебник. Челябинск, Южно-Уральское кн. изд-во, 2001
- Трубилин А. Конкурентоспособность – главный фактор эффектив-ности производства // АПК: экономика, управление, 2002
- Белый Е., Барашков С. Конкурентоспособность и качество продукции: два уровня управления // Маркетинг, 2003, №4.
- Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Книга 1-4. Учебник. Алматы: Экономика, 2002.
- "О вступлении Казахстана в ВТО" С.Туржанов - директор Департамента малого бизнеса Аппарата Акима г.Алматы. «Казахстанская правда» // №29, 2004, 23 июль.
- «Взгляд Президента» // «Казахстанская правда» // №13, 2004, 31 марта.