Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

NASA Күн аясын суретке түсіріп алды

NASA Күн аясын суретке түсіріп алды

NASA өзінің ресми сайтында Халықаралық Ғарыш Станциясынан (ХҒС) түсірілген Күн суретін жария етті. Суреттен анық түрде бес түрлі кадрдан тұратын коллажды және станцияның әлдебір траекториясын бөліп тұрған дискіні көруге болады. Оның жылдамдығы сол уақытта 8 км/с құраған.

Кадр 6 қыркүйек күні түсірілген. Авторы - 25 жылдан аса NASA-да фотограф қызметін атқарған Билл Ингаллс. ХҒС бірнеше рет Күн аясын түсірген. 2015 жылдың наурыз айында француз  Тьерри Лего (Thierry Legault) күннің тұтылуын түсіріп үлгерген болатын. ХҒС жерді толық 90 минутта айналып өте алады. Қазіргі таңда ХҒС бортында тоғыз адам бар. Олар: ресейлік комонавтар -  Геннадий Падалка, Михаил Корниенко, Олег Кононенко, Сергей Волков, астроновтар -  НАСА Скотт Келли, Челл Линдгрен, Жапониялық - Кимия Юи, Қазақстандық - Айдын Айымбетов және ЕКА асторновы, даттық Андреас Могенсен. Естеріңізге сала кетейік, 12 қыркүйекте Г. Падалка, А. Айымбетов және А. Могенсен Жерге оралу керек.

Похожие материалы