Қазақстандық ұялы операторлар наурыз айынан бастап 4G жүйесін іске қосуға дайын. Ұялы байланыс операторлары хабарлағандай ҚР инвестиция және даму министрлігі келесі айдан басталғанға дейін аталған жүйені қосуды міндеттеген. Ал Tele2 LTE-ды ақпан айының соңында Қазақстанның барлық аймағына тарататынын мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта біз 4G желісін тестілеуден өткізуді аяқтадық және осы айтың соңында қызмет түрін енгізуге дайынбыз", - деді Tele2-нің сыртқы коммуникация қызметінің жетекшісі Олжас Бибанов.
Ал Beeline операторы қаңтар айында алғашқы транш ретінде LTE радиожиілігі бойынша 14 млрд теңге төлеген. Оператор наурыз айында Алматы, Орал қалаларының тұрғындары үшін байланыс жиілігінің төртінші легін енгізеді.
"Наурыз айында біз LTE жүйесін тестілеу аймағында, яғни Алматы, Орал қалаларында енгіземіз", - деді Beeline Қазақстанның ұжымдық коммуникация жөніндегі директоры Алексей Бендзь.
Kcell-дың баспасөз қызметі LTE стандартының ұялы байланысын ұйымдастыруға арналған радиожиіліктер үшін бірінші транштың төленгенін хабарлады.
"14 миллиард теңге мөлшерінде төленген сома «Кселл» компаниясына LTE желісін күшейту үшін 700/800 МГц ауқымында 10/10 МГц енімен радиожиіліктер жолағын және 1700/1800 МГц ауқымында 10/10 МГц енімен радиожиіліктер жолағын пайдалануға мүмкіндік береді. Компания өз желісінде LTE іске қосу жұмыстарын бастады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, LTE коммерциялық жүйсін алғаш рет 2012 жылы Altel енгізді. Ал 2015 жылдың желтоқсан айында ҚР Инвестиция және даму министрлігінің ақпарат және ақпараттандыру комитеті 4G жиілігі басқа операторларға да берілетіні туралы мәлімдеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024