Нұр-Сұлтан. 27 сәуір. 7kun.kz – ҚР Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулерге түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, Назарбаевтың кепілдіктері мен жеңілдіктері туралы заңның күшін жою жоспарланып отыр.
«Түзетулер Елбасының мәртебесін алып тастайды. Назарбаевтың мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі рөлі Конституцияда сақталады. Бұл норма қабылданғаннан кейін Тұңғыш Президент туралы конституциялық заң да күшін жояды», - деді Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, кеше "Amanat" партиясының төрағасы қызметіне мәжіліс спикері Ерлан Қошанов тағайындалды.