Астана. 24 ақпан. 7kun.kz - Сенатор Дариға Назарбаевa Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ҰКП-ға алып-сатарлардың азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағаны бекітетіндерді бақылауға алуды тапсырды. Ол бұл туралы «Бизнестің мүддесі мен құқын заңмен қорғау» туралы үкімет тыңдалымында мәлімдеді.
«Менің ойымша, әңгіме Қазақстанда жасалатын азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдеріне, сондай-ақ дәріханаларда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге келгенде бағаның себепсіз көтеру мәселесі қатаң бақылануы керек. Бүгінде ауыл шаруашылығына жағдай жасалып жатыр: аграрлық секторымыз дамып, оны субсидиялау артқан, бірақ мұның ешқайсы бағаның төмендеуіне әсер етпейді. Ауыл шаруашылығына ақша құйғанымызбен, азық-түлік бағасы арзандамайды. Фармацевтика саласына да тап осы жағдай», - деді Дариға Назарбаева.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларының экспортталуына қатысты пікір айтқан Дариға Назарбаева «президенттің ауыл шаруашылық өнімдерін шетелге тасымалдау туралы тапсырмасы экспорттық бағыттарды әртараптандырылмай жатып, жүзеге аспайтынын» жеткізді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024