Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаева: Ауыл шаруашылығын қолдағанымызбен, азық-түлік әлі қымбат

Назарбаева: Ауыл шаруашылығын қолдағанымызбен, азық-түлік әлі қымбат

Астана. 24 ақпан. 7kun.kz - Сенатор Дариға Назарбаевa Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ҰКП-ға алып-сатарлардың азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағаны бекітетіндерді бақылауға алуды тапсырды. Ол бұл туралы «Бизнестің мүддесі мен құқын заңмен қорғау» туралы үкімет тыңдалымында мәлімдеді.

«Менің ойымша, әңгіме Қазақстанда жасалатын азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдеріне, сондай-ақ дәріханаларда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге келгенде бағаның себепсіз көтеру мәселесі қатаң бақылануы керек. Бүгінде ауыл шаруашылығына жағдай жасалып жатыр: аграрлық секторымыз дамып, оны субсидиялау артқан, бірақ мұның ешқайсы бағаның төмендеуіне әсер етпейді. Ауыл шаруашылығына ақша құйғанымызбен, азық-түлік бағасы арзандамайды. Фармацевтика саласына да тап осы жағдай», - деді Дариға Назарбаева.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларының экспортталуына қатысты пікір айтқан Дариға Назарбаева «президенттің ауыл шаруашылық өнімдерін шетелге тасымалдау туралы тапсырмасы экспорттық бағыттарды әртараптандырылмай жатып, жүзеге аспайтынын» жеткізді.

Похожие материалы