Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін құруға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстанның қаржы вице-министрі Татьяна Савельева хабарлады.
«Шығыстардың ұлғаюы негізінен Президенттің жалақыны 1 шілдеден бастап емес, 1 маусымнан бастап ұлғайтуды ауыстыру жөніндегі тапсырмасына байланысты. Осы бір айда 37 миллиард теңгеге қосымша шығындар талап етіледі. Қалған ақша – жаңа мемлекеттік орган құру, ол Елбасы кеңсесі болып тіркелді», - деді Татьяна Савельева.
Сонымен қатар, Қаржы вице-министрі Қазақстан астанасын қайта атау үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінбейтінін атап өтті.
«Қайта атау үшін бірде-бір тиын шығын жоқ... Астана қаласын Нұр-сұлтан етіп қайта атау туралы айтатын болсақ, бұл заң мәтіні мен қосымшасы бойынша техникалық түзетулер, сондықтан, осыған байланысты қосымша шығындар бюджетке енгізілмейді», - деді ол.
Аталған нормаларды Сенаттың жұмыс тобы қолдады, бюджетті түзету жобасына енгізілетін болады. Республикалық бюджет жобасын алдымен Сенат палатасы мақұлдауы керек, содан кейін ел Президенті қол қояды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024