Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаевтың кеңсесін құруға 1 млрд теңге бөлінеді

Назарбаевтың кеңсесін құруға 1 млрд теңге бөлінеді

Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін құруға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстанның қаржы вице-министрі Татьяна Савельева хабарлады.

«Шығыстардың ұлғаюы негізінен Президенттің жалақыны 1 шілдеден бастап емес, 1 маусымнан бастап ұлғайтуды ауыстыру жөніндегі тапсырмасына байланысты. Осы бір айда 37 миллиард теңгеге қосымша шығындар талап етіледі. Қалған ақша – жаңа мемлекеттік орган құру, ол Елбасы кеңсесі болып тіркелді», - деді Татьяна Савельева.

Сонымен қатар, Қаржы вице-министрі Қазақстан астанасын қайта атау үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінбейтінін атап өтті.

«Қайта атау үшін бірде-бір тиын шығын жоқ... Астана қаласын Нұр-сұлтан етіп қайта атау туралы айтатын болсақ, бұл заң мәтіні мен қосымшасы бойынша техникалық түзетулер, сондықтан, осыған байланысты қосымша шығындар бюджетке енгізілмейді», - деді ол.

Аталған нормаларды Сенаттың жұмыс тобы қолдады, бюджетті түзету жобасына енгізілетін болады. Республикалық бюджет жобасын алдымен Сенат палатасы мақұлдауы керек, содан кейін ел Президенті қол қояды.

Похожие материалы