Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысының азаматы африкалық жайын өсірумен айналыса бастады. Бұл аймаққа жат балықты Төле би ауданында кішігірім бассейндерге орналастырған. Егер оңтүстіктегі климатқа бейімделе алса, балықты ірі масштабта өсіретін болады. Бұл туралы BNews.kz жазды.
Балық өсіруді армандаған математика және физика пәндерінің оқытушысы өз бассейнінде 11 мың африкалық жайын балығын сыйдырған. Едені жылы,су жылытатын құралы бар, ылғал мен әлсіз жарық. Балықтарға ең жоғары жағдай жасалған.
ОҚО-дағы жайындар тек етпен қоректенеді, оның үстіне майсыз етпен. Солайша, балықтар күніне 50 кг ет жейді. Тіпті, оның өзі жетпейтін кездер болады, дейді мамандар. Бірақ мұнда қомағай жайындардың барлық қыңырлығына шыдайды. Себебі мұндай балықтың біреуінің өзі 120 кг дейін салмақ жинайды.
Бүгінде Самадилла Темірбековтың кішігірім балық шаруашылығы хайуанаттар бағына айналғандай, адамдар қызық көру үшін келеді. Осыған дейін Төле би ауданында тек ханбалық (форель) пен тұқы (карп) ғана өсірілген. Жергілікті әкімшілік балық шаруашылығына ақша салығысы келетін тағы бір инвестор пайда болғанын айтады.
«Бізде Бадам өзені бар. Аталмыш инвестор сол өзенде ханбалық шаруашылығын құрғысы келеді. Бұл үшін 1 миллион доллар инвестиция жасауға дайын», — деді Төле би ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев.
Ал Самаддилла Темірбеков балықтары өскенін күтіп отыр. Уақыты келгенде оларды кафелер мен ресторандарға сататын болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024