Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысында мақта терімі басталды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
2017 жылы облыста 134,6 мың гектар жерге мақта шиті себілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артық. 2016 жылы шаруалар әр гектарына орташа есеппен 26,2 центнерден өнім алып, барлығы 286,4 мың тонна ақ ұлпа жинаған. Егіс көлемінің артуына байланысты өңірде 300 мың тоннадан астам мақта жиналады деп жоспарланады.
Мақтарал ауданында өткен жылы 83 мың гектарға мақта шиті себілсе, биыл мақта алқабы 95 мың гектарға жеткен. Аудан шаруалары өткен жылы 218 мың тонна өнім жинаса, биыл да мол өнім алуды көздеп отыр.
Еліміз ақ алтынды негізінен Ресей, Қытай және Еуропа елдеріне экспорттайды. Мәселен өткен жылы аталған мемлекеттерге елімізден 58 мың тонна мақта талшығы экспортталған.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024