Сейсенбі күнгі сауда барысында Оңтүстік Корея автокөлік шығарушы компанияларының акциялары күрт арзандады. Бұл елден тыс сатылымдардың нашарлауына және инвесторлардың корпоративтік басқаруға қатысты қауіптеріне байланысты деп жазады Financial Times.
Оңтүстік Кореяның ең ірі автоөндірушісі Hyundai Motor Co. компаниясының қағаздары 9,7%-ға арзандап кетті, бұл 2010 жылдың қыркүйегінен бергі ең төмен көрсеткіш. Hyundai-дың үлестес компаниясы Kia Motors капиталдандырудың 4,5%-ын жоғалтты, ал автокомпоненттерді шығаратын Hyundai Mobis - 8,5%. Оңтүстік Кореяның негізгі қаржылық индексі Kospi Composite 1,2%-ға төмендеді. Hyundai мамыр айында автокөлік сатылымы 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға қысқарғаны туралы хабарлаған болатын. Осылайша инвесторлардың иена бағамының 2002 жылдан бергі минимумға дейін әлсіреуі жапон автокөліктерінің сатылымын арттырады деген болжамдары расталды. "Жағымсыз валюталық ортаны және Hyundai өнімінің нарық сұранысына сәйкес келмеуін ескерсек, Hyundai сатылымдары осы жылдың аяғына дейін әлсіз болып қалуы ықтимал", - деп есептейді Korea Investment & Securities аналитигі Ким Чинво. 2015 жылдың І тоқсанында автоконцерннің пайдасы қатарынан бесінші тоқсан қысқарды, бұған иенаның, еуроның және Ресей мен Бразилияны қоса алғанда, дамушы елдер валюталарының әлсіреуі себеп болды. Hyundai автокөліктерінің 85%-ын Оңтүстік Кореядан тыс жерде өткізеді, сол себепті айырбастау бағамдарының кенеттен ауытқуы қаржылық көрсеткіштерге елеулі ықпалын тигізеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024