Олимпиада-2020: 2020 жылғы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті миллиард доллар көлемінде үнемдеп отыр.
Олимпиада ойындарын ұйымдастыруға кететін шығын кейбір жарыстардың өтетін орындарын өзгерту арқылы азайды. Есу слаломы, баскетбол мен ат жарыстарды бұрыннан бар жерлерде өткізуге рұқсат берілді. Бұл өзгертулер шамамен миллиард доллардай шығынның алдын алады.
Ойын ұйымдастырушыларының бұл бастамаларын Халықаралық олимпиадалық комитет қолдап отыр. Басында Олимпиада ойындарына Жапония қазынасынан 3,8 миллиард доллар кетеді деп есептелген еді. Бірақ, билік басындағылар бұл көрсеткішті 1,7 миллиардқа дейін азайтуды көздеп отыр.
Токио ойындарды өткізуге рұқсатты 2013 жылдың қыркүйек айында алған еді. Олимпиаданың өту мерзімі - 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығы. Паралимпиадалық жарыстар тәртібі 25 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткізілмек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024