Экономика
Олимпиадалық даярлау орталығының директоры жемқорлық қылмысы үшін сотталды

Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының директоры сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
«16 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотының үкімімен Бауыржан Мұқашев ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген агенттіктің хабарламасында.
Ол 2016-2018 жылдары жүйелі түрде ұйымның айлық төлемақы қорынан 21 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген еді. Сотталушы орталықта жұмыс істемейтін адамдарды заңсыз жұмысқа тұрғызу, жұмысшыларға сыйақы аударып, қайта жинап алу жолымен ақша жымқырған.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде Мұқашев бюджетке келтірілген шығынды толығымен өтеген.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025