Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz — Он тоғызыншы тамызға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: investing.com деректер бойынша жексенбі күні сағат 23.00-де Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қазан фьючерстерінің бағасы барреліне 0,87%-ға - 59,20 долларға дейін, WTI маркалы мұнайға қыркүйек фьючерстерінің құны барреліне 0,88%-ға - 54,58 долларға дейін өсті.
Металлдар: 23:05-те Comex биржасында желтоқсандағы алтын фьючерстерінің бағасы 0,21%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 1 520,25 долларға сатылды. Қыркүйек айында жеткізілетін күмістің құны 0,46%-ға, бір унциясы үшін 17,045 долларға дейін арзандады.
Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 23:10-да bitcoin 10366,75 доллар бойынша саудаланды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 1,59%-ға қымбаттады, ал оның капитализациясы 185,4 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 194,81 доллар тұрды, бағасы 5,21%-ға өсті. Бұл криптовалютаны капиталдандыру 20,92 млрд долларды құрады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024