Оңтүстік Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция 416 млрд теңгені құрады
2015 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 416 млрд теңгені құрады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Инвестициялық салымдардың басым бөлігі шағын кәсіпорындардың көлемінің 61,2 пайызын құрайды. Ал, сыртқы инвестициялардың көлемі 48,3 млрд. теңгені немесе жалпы инвестиция көлемінің 12 пайызын құрады.
«Сыртқы инвестицияның көлемін ұлғайту мақсатында біздің тарапымыздан бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Облысымызға инвестицияларды тарту мақсатында Еуропа, Азия елдеріне және Ресейге іскерлік сапарлар ұйымдастырылып, нәтижесінде облыста шетел инвесторларының қатысуымен 2 млрд доллардан астам 24 жоба іске асырылуда»,-деді Б.Атамқұлов.
Сонымен қатар, өңір басшысы облыста 28-29 сәуір аралығында өткізілетін «Оңтүстік Инвест 2016» Халықаралық инвестициялық форумы өңірге шетелдік инвестицияларды тарту бойынша кезекті қадам болып табылатынын айтты.
Аталған форумға 30-ға жуық мемлекеттен 600-ден аса мемлекеттік орган өкілдері мен ірі компания басшылары қатысады деп күтілуде.
Форум аясында ынтымақтастық бойынша 1,2 млрд долларды құрайтын 31 меморандумға қол қою жоспарлануда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024