Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz — Оңтүстік Корея елінде Қазақстан азаматының өлі денесі табылды. Бұл туралы республиканың сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомствоның ақпаратынша, отандасымыздың мәйітін 16 қаңтарда Ансан қалалық полиция қызметкерлері өзінің пәтерінен тапқан.
"Қалалық полициядан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, оны жуынатын бөлмеден тапты. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары және сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Кореядағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімі қайтыс болған адамның туыстарына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024