General Motors компаниясының Opel брендінің өкілдері Украина нарығындағы жұмысын күшейту жоспарлары туралы мәлімдеді. Бұл туралы AutoConsulting порталына берген сұхбатында Украина бойынша Opel-дің өңірлік басшысы Рой Найгард хабарлады.
Найнардтың айтуынша, Ресейден кеткенімен Opel Украина нарығында қалумен қатар дистрибуция жүйесін өзгертеді. «Біз сату жүйесін тәуелсіз дилерлер арқылы тікелей дамытуға қатысты шешімімізді қабылдадық. Украинадағы сатылымның осындай сұлбасын Opel 2003 жылдан бері қолданып келеді», — деді Найгард.
Ол Opеl-дің дәстүрлі серіктесі - «Дженерал Авто Груп» компаниясы және оның дилерлері брендпен арадағы жұмысын жалғастырып жатқандығын, бірақ олармен қоса жаңа тікелей дилерлер де пайда болғандығын айтты. «Осылайша, "АИС" тобының жаңа серіктестерімен дилерлік келісімдерге қол қойдық. Жақын арада олар жаңа Opel автосалонын ашады. Басқа дилерлерді де неміс брендімен ынтымақтастыққа шақырамыз», — деп мәлімдеді Найгард.
Ол дистрибуцияның жаңа жүйесі укранина нарығындағы Opel брендінің танымалдығын арттыруға септігін тигізетіндігін баса айтты.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024