Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қорқорға салынған тыйым рестораторлар табысын азайтуда

Қорқорға салынған тыйым рестораторлар табысын азайтуда

Қазақстандық мейрамхана басшылары кафе, бар және мейрамханаларда қорқор шегуге тыйым салуға байланысты табыстарының 50%-ға жуығын жоғалтуда. Бұл туралы "HoReCa-Казахстан" мейрамхана және мейманхана бизнесі қауымдастығының президенті Игорь Копайлов хабарлады.

"Біздің есебімізше, Қазақстанда қонақтарға қорқор қызметін ұсынатын 20 мыңға жуық демалыс орындары бар. Оның, шамамен, 60 пайызы - шағын кәсіпорындар. Егер дәмханалар мен мейрамханалардан қорқор қызметін алып тастайтын болса, олардың табыстары 30-50%-ға төмендеп кетеді. Кейбірі тіпті жабылып қалуға мәжбүр болады. Мейрамхана басшыларының ойынша, меймандардың сол жерде отыру уақыты азайып, орташа чек сомасы да азаяды", - дейді И.Копайлов.

Сонымен бірге, қорқор шегуге тыйым салудың кесірінен салық бюджеті жылына 2 млрд теңгеге жуық кем алып отыр.

2013 жылы Қазақстанда қорқорды қоғамдық орындарда, соның ішінде, клубтарда, кинотеатрларда және өзге де жалпыға ортақ демалыс орындарында шегуге тыйым салынды.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесінде, ағзадан ішек таяқшалары, алтын стафилокок, ашытқы және саңырауқұлақтар табылған. Осыған орай қорқорға тыйым салынған еді.

"HoReCa-Казахстан" қауымдастығы аталған тыйымды жою үшін соттасуға даяр. Себебі, тыйым салу үшін негіздер жеткіліксіз деп отыр. "HoReCa-Казахстан" қоғамдық тамақтандыру орындарына қорқор мен ыдыстарды дезинфекциялау стандарттарын құрастыруды ұсынуда.

Похожие материалы