Орал. 27 мамыр. 7kun.kz - Үш өлшемді нысандарды басып шығаруғ арналған 3D-принтерлерді Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары құрастырып шығармақ. Бұл жөнінде "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы" хабарлады.
Авторлардың айтуынша, қазақстандықтар жасағалы жатқан нұсқа шетелдік баламалардан біршама артық болады. "Біздің 3D-принтер әр қабатты еріту әдісі (Fused deposition modeling, FDM) бойынша жұмыс жасайды. Нәтижесінде біздің құрылғылар бұйымдарды өзге баламаларға қарағанда 20 пайызға жылдам шығарады", - дейді Жәңгір хан атындағы инжиниринг ғылыми зерттеу институты зертханасының меңгерушісі Бақытжан Сәлімов.
Құрастырушылар танымал брендтердің жолымен жүріп, негізгі құрамдас бөлшектерді Қытайдан алған. Аталған схема кеден рәсімдеуінің шығынан минимумға келтірген. Сол себепті отандық принтерлердің бағасы шетелдік компаниялардан үш есе арзан болмақ. Шаңдатуға арналған арнайы полимерлік жіп Ресейде өндіріледі.
Отандық 3D-принтерлер орта өлшемді пластмасса бөлшектерді басып шығара алады. FDM әдісін үйреніп алсақ, болашақта таңдаулы лазерлік біріктіру технологииясын (Selective laser sintering, SLS) қолдануға мүмкіндік береді. Патенттік қорғау өткен жылдың ақпан айында өтіп кеткен. Жоба 27 мамыр күні Алматы қаласында өтетін ғылым мен бизнестің ІІ диалогтық алаңы барысында таныстырылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024