Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Орталық-Азия отын энергетика компаниясының таза шығыны 13,876 млрд теңгені құрады

Орталық-Азия отын энергетика компаниясының таза шығыны 13,876 млрд теңгені құрады

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - "Орталық-Азия отын энергетика компаниясының" (ОАОЭК) 2015 жылғы таза шығыны 13,876 млрд теңгені құрады (доллар бағамы - 337,71 теңге). Ал өткен жылғы таза пайда -  7,607 млрд теңге.

Курстық айырмашылыққа қатысты шығын 28 есеге яғни 21,695 млрд теңгеге дейін өскен. Салық салынғанға дейінгі шығын 14,558 млрд теңге болса, пайда көлемі - 11,221 млрд теңге. Жалпы пайда 6%-ға, 24,130 млрд теңге дейін артса, кіріс 0,5% артып, 110,146 млрд теңгені құрады.

Компанияның активтері 12%-ға, 320,205 млрд теңгеге дейін, жеке капитал 0,5%-ға, яғни 138,071 млрд теңгеге дейін өссе, жарғылық капиталы 17,022 млрд теңге көлемінде өзгеріссіз қалды.

ОАОЭК электроэнергетика, машина жасау және қаржы, химия саласында жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді.

Холдинг акционерлері - Еркін Әмірханов, Сергей Кан, Александр Клебанов (әрқайсысы компанияның 31% үлесіне иелік етеді) ОАОЭК Президенті Гүлнар Артамбаева.

Похожие материалы