Экономика
Орыс тілі білгірлері «Ой-санада» бақ сынады
2015 жылдың 11 қыркүйегінде «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің республикалық байқауы өтті. Жобаны мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырып отыр.
Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған, орыс тілін жақсы білетін, сараланып, өз мекенінде дараланып келген үздік 16 оқушы қатысты. Байқаудың мақсаты – ұлтаралық қарым-қатынас жағдайында белсенді көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық бастамаларын жүзеге асыру, орыс тілін еркін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Шара екі кезеңге бөлінді. І кезең – үш тапсырма аясында, ІІ кезең – «Шабыт жұлдызы» бөлімі мен марапаттау рәсімінен тұрды. Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған, орыс тілін жақсы білетін, сараланып, өз мекенінде дараланып келген үздік 16 оқушы қатысты.
І орын – қарағандылық Тастубай Айжан Сембайқызына бұйырса, ІІ орын – Батыс Қазақстаннан келген Амангельдинова Аяулым Эдуардовнаға, ІІІ орынмен алматылық Исак Ару марапатталды.
Қадірлі қонақ ретінде ҚР Мәжіліс депутаттары Ә.Т. Бимендина мен Н. М. Петухова, ҚР Ресей ынтымақтастық өкілдігінің басшысы Виктор Леонидович Нефедов, Қазақстан Орыс қауымдастығының басшысы Бунаков Юрий Захарович, Қазақстан Республикасындағы Ресей федерациясы елшілігінің кеңесшісі Е.В. Лысенко қатысты.