Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Оскар" алған 2018 жылдың үздік фильмі анықталды

"Оскар" алған 2018 жылдың үздік фильмі анықталды

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың үздік фильмі ретінде "Оскар" сыйлығын режиссер Питер Фарреллидің "Жасыл кітап" лентасы алды.

Фильмде қара джаз пианисті Дон Ширлидің саяхаты және АҚШ-тың оңтүстігіндегі жүргізушісі Тони Валелжинги туралы шынайы оқиға көрсетіледі. Лентадағы басты рөлдерді Вигго Мортенсен және Махершала Али ойнады.

Деректі фильм аталымында - "Жалғыз еркін көтерілу", қысқа метрде "Нүкте. Ұсыныстың соңы" жеңімпаз атанды. Киноакадемияның қазылар алқасы шетел тіліндегі үздік фильм деп Альфонсо Куаронның "Рому" туындысын мақұлдады.

Ең үздік толық метражды анимациялық фильм режиссерлер Боб Персикетти, Питер Рамзи және Родни Ротманның "Өрмекші адам: әлем арқылы" болды. Ал жылдың басты қысқа метражды мультфильмі - "Бао".

Похожие материалы