Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан қазақ халқының рухани орталығы. Туристер ең алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін іздеп келеді. Түркістандағы туризмнің негізгі обьектісіне сапар қандай болады?
Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан (Яссы) түркі тілдес халықтардың рухани және саяси орталығы ретінде бағаланды. Түркістан қаласына – 1500 жыл. Ал тарихы терең Шейх Қожа Ахмет Яссауи – мистикалық сопы, ақын, философ және түріктердің рухани көшбасшысы. Яғни 1500 жылдық тарихы бар Түркістан қаласының әлемге аты танылып, атақты болуы тікелей Қожа Ахмет Яссауи ескерткішіне байланысты. Сондықтан халық тәу етіп аралайтын Орталық Азияның ең танымал ескерткіш кешеніне айналды. Теңдесіз құрылысты XIV ғасырдың аяғындада Ұлы Әмір Темір салған.
[caption id="attachment_56932" align="alignnone" width="800"] Фото:Inform.kz[/caption]Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке ретінде саналады. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ескерткішті тамашалайтын халықтар саны жыл сайын артуда. Мысалы, 2014 жылы 900 мың адам Түркістан қаласын тамашалауға келсе, 2015 жылы 1 миллионға жеткен. Ал осы жылдың алғашқы жарты жылдығында Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көруге 600 мың адам келген. Түркістан қаласында сахатшылар аралайтын 40-астам қасиетті орындар бар. Қалаға келетін туристердің мақсаты: жолдарын ашу, бизнесін дамытқысы келетін, жан дүниесін тазалауға ұмтылатын, өткен бабаларының аруғына құран оқытып, құрбан шалу үшін және отбасылық ауырпашылықтарды жаратқаннан жеңілдетуін сұрап, ниет етіп келетіндер. Зерттеушілердің айтуынша, саяхатшылар қажылық экскурсия Түркістандағы әулие жерлерге зиярат етуге барады:
- Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи, Гауһар Ана кесенелері
- Бесік төбе (бала сүйе алмай жүрген әйелдер)
- Адал және ішкі жаны таза адамдарға су беретін киелі Құдықтан су ішу үшін.
Сонымен қатар адамдар Түркістанға сан түрлі аңызға құралған ескерткіштерді өз көздерімен көріп, ондағы тарихи жәдігерлерді ұстап, түрлі орындар мен кеселерді құрметтеп рухани тыныштық іздеп келеді. Түркістан қаласына топтық экскурсияларды жиі ұйымдастыратын Астана, Алматы қаласының компаниялары.
Жалпы қалаға экскурсия жасауға бүгінгі уақытта 10 000 теңгеден 35 000 теңге қаржы жұмсалынады. Қонақ үйге күніне 1000 теңге немесе барлық жағдай жасалған комфорт қонақ үй бағасы 4000 теңгені құрайды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың үйін бұл бағалардан да төмен ақшаға жалдауға болады.
Жанерке Серікова «7»
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024