Павлодар облысы. 5 тамыз. 7kun.kz – Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына адам өлтірді деген айыппен Железин ауданының үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әкесі, баласы және тағы бір ауыл тұрғыны жанжал кезінде жерлестерін тұншықтырып өлтірді деп айыпталуда. Төбелестен кейін 49 жастағы үй иесі өзін ренжіткен адамның мойнына нейлоннан жасалған жіпті кигізіп, оны тартқан. Ал жіп үзілген кезде қонаққа келген тағы бір ауыл тұрғыны оған металл арқан әкеліп берген. Бұл уақытта 29 жастағы ұлы жерде жатқан жәбірленушіні ұстап тұрған.
Жәбірленуші өмір белгілерін көрсетуді тоқтатқаннан кейін, үшеуі мәйітті орманға апарып, көміп тастаған.
Егер сот отырысында сотталушылардың кінәсі дәлелденсе, олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024