Павлодар облысы. 9 тамыз. 7kun.kz – Павлодар облысында бензин мен дизельді заңсыз сату, сатып алу, сақтау фактілері анықталып, үш адам сотталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, тергеу кезінде 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды.
Кейін оны «Унгефуг» ЖШС арқылы заңдылығын растайтын құжатсыз белгісіз тұлғаларға сатып жіберген. Аталған фирма құжатсыз 550 миллион теңгенің 2,4 мың тонна дизель отынын да сатқан. Сот шешімімен үш адам бас бостандығынан айырылды.
«Сот Шұғатаев Жанайдар Серікұлын қаражатын тәркілеумен 6 жылға, Унгефуг Сергей Геннадьевичті 4 жыл 6 айға, Шәмиев Ержан Хайроллаұлын 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үш көлік пен 3 жартылай жүк тіркемесі тәркіленді», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024