Павлодар. 9 қыркүйек. 7kun.kz – Павлодар тұрғыны алаяққа 12 млн теңге аударып, алданып қалған, деп хабарлайды 7kun.kz.
53 жастағы тұрғын полицияға алаяқтық туралы арыз жазды.
Оның айтуынша, оған белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін танымал ірі компаниялардың бірінің менеджерімін деп таныстырған. Алаяқ инвестиция саласындағы консультант атын жамылып, тұрғынға ақшаны көбейтуге болатын тиімді ұсыныстар айтқан. Ол қосымша табыс табу үшін ақша аударуды ұсынған.
Жеңіл жолмен көп ақша табуды ойлаған тұрғын 12 млн теңгеден астам кредит алып, алаяққа аударып жіберген. Осыдан кейін алаяқ биржа жабылып қалды деп ер адамды алдап кеткен.
Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024