Павлодар облысы Қазақстанды индустриаландыру бағдарламасының екінші бесжылдығының аясында құны 1,2 трлн теңге 24 инвестициялық жобаны іске асырады
"Индустриаландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аймақ экономикасы үшін зор маңызға ие болады. Оның аясында инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңге болатын 24 жобаны іске асырамыз, шамамен 6 мың адам жұмыспен қамтылады", - деп мәлімдеді ол сәрсенбі күні халық алдында берген есебінде.
Ең ірі инвестжоба - Бозшакөл кен байыту комбинатының құрылысы, бұл жобаның жылдық қуаты 140 мың тонна мыс концентраты, өндірілетін мыс кенінің көлемі 30 млн тонна.
Бұған қоса, Павлодар мұнай-химия зауытын (ПМХЗ) модернизациялау жобасы 3 жылдан соң Евро-4 стандартындағы бензинді және Евро-5 стандартындағы диезельдік отынды өндіруге мүмкіндік туғызады, модернизациядан кейін ПМХЗ мұнай өнімдерін полипропиленге, эфирге және жоғары қосымша құнға ие басқа туарларға дейін өңдейтін болады.
Қазіргі кезде "Павлодар" Арнайы экономикалық аймағы 3 инвестжобаны іске асырды, осы жылдың аяғына дейін тағы үшеуі жүзеге асырылады.
"Тек 6 жоба бойынша салынған инвестициялардың жалпы көлемі 40 млрд тенге. Яғни, бюджеттен бөлінетін қаражаттың 1 теңгесіне жеке инвестициялардың 13 теңгесі сәйкес келеді", - деп түсіндік берді Қ.Бозымбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024