Фотоөнердің сан түрлі жанры болады. Жыл сайын көрген жанды таң қалдыратын түрлі бағыттары пайда болып жатыр. Дегенмен өзінің өзектілігін жоғалтпайтын жанрлар бар. Фоторепортаж солардың қатарында. Бұл формат - ақпаратты таратудағы ең танымалдарының бірі.
Кез-келген репортаж белгілі бір уақытта сол шараның атмосферасын жеткізе алатындай дәрежеде болуы қажет. Кез-келген фотографтың қолындағы фотоаппарат оны еңбек нарығында сұранысқа ие документалистке айналдырады. Сондықтан да фоторепортаж түсірілім кезіндегі процесске баса назар аудару қажет.Техникалық жабдықтар
Жоғары деңгейдегі фоторепортаж түсіру үшін арнайы техникалық құралдарды пайдаланудың да қажеті жоқ. Ғимарат ішінде обьективті фотоаппарат пен жарқылдақ болуы жеткілікті. Әрине, жоғары дәлдігімен және жылдамдығымен ерекшеленетін айналы камераны пайдаланған дұрыс. Фотограф құрылғысының жылдамдығына көңіл бөлген де қажет. Қазіргі жағдайда секундына 5 кадр жеткілікті. Айналы камера болмаса, фотограф қарапайым "сабын сауытты" қолдана алады. Фоторепортаж түсірілімі кезінде фокус қашықтығы 70-20 мм болатын обьективтерді пайдалануға кеңес беріледі. Бұл өте ыңғайлы. Өз кезегінде, жарқылдақпен фотограф жабық ғимаратта, мысалғы түнгі клубта жұмыс істеуіне болады. Дегенмен, кәсіби фотографтардың көпшілігі елеусіз болуы үшін жарықты оптиканы ғана пайдаланады. Бұл жағдайда фотожарқылдақ қолданудың қажеті жоқ. Егер түсірілім жабық ғимаратта емес ашық аспан астында өтетін болса, онда өзіңізбен бірге фильтрлер алып жүру керек. Фоторепортаж кезінде міндетті түрде қуатталған батареялар мен бірнеше жады картасы жаныңызда болсын. Көлемі үлкен бір флешкадан гөрі, көлемі аз бірнеше флешка алып жүрген ыңғайлы. Флеш-картаның өзі тым көп ақпараттан зардап шегуі ықтимал. 16 гб-ттағы суреттерді жоғалтқаннан гөрі 4 немесе 8 гб суреттерді жоғалтқан жақсы.Түсірілім ережелері
Репортаж үшін тақырып аясы кең. Үйлену тойынан бастап автомобиль туризміне дейінгі аралықта осы жанрдағы түсірілім үшін бай материал табуға болады. Кез-келген репортаж - фотографтың қабылдау призмасы арқылы көрсетілетін өмір кескіндері. Сондықтан материал арнайы жүйе бойынша түсірілуі қажет: оқиғаның басталуы, қандай-да бір кульминация және финал. Кішігірім фильмнің сюжетіне ұқсайды.Композиция заңдарын, кадр құрылу ережелерін және репортажды фрагменттер мен кадрларға бөлу жүйесін білу қажет. Біріншісі, түсірілім кезінде барлық пландар болсын (жалпы, орташа және детальдар мен фрагменттерге назар аударатын ірі пландар). Екіншісі, әрбір, тіпті шағын деген фоторепортаждың өзінің арнайы нақты тақырыбы болуы қажет. Белгілі бір жүйесіз, көз алдыңа келгеннің барлығын түсіре беруге болмайды. Репортаждағы автордың ойы барынша айқын көрініс тапсын. Егер бұл шарттар орындалмаса, суреттер қызықсыз болады.
Түсірілім процесі кезінде фотограф барынша жылдам болуы қажет. Оның тіпті назар аударып, түсірілім үшін барынша оптималды нүкте табуға уақыты болмайды. Барлық оқиғалар санаулы секундтар ішінде өтіп жатады. Ал фотографтың басты тапсырмасы - оның қажетті уақытта қажетті жерде бола алуында, ойлағанының барлығын іске асыра алуында. Бұл қабілет тәжірибе кезінде шыңдалады.Фотограф қағидалары
- Сіздің суреттеріңіз сөйлеуі қажет. Сондықтан түсірілімді бастамас бұрын "Не үшін түсіремін?" деген басты сұрақты естен шығармаңыз. Не көрсеткіңіз келеді? Қарапайым оқырманның бойында сіздің суреттеріңіздің қандай сезім оятып, ойында қандай пікір тудыратындығын алдын-ала ойлап алу керек. Мысалғы, сіз ядорлы сынақтар проблемасының тарихын түсіргіңіз келеді? Кімді кейіпкер етіп алуға болады? Мәселен, сәулеленуден зардап шеккен балалар болуы мүмкін. - Өзіңізге дайын суретті алдын-ала елестетуге тырысыңыз. Белгілі бір оқиғадан немесе орын тұрғысынан. Ойыңызда суретте не көрсеткіңіз келетінін нақтылап алған дұрыс. Бұл түсірілім кезінде көп көмектеседі. Қажетті кадрды тез табасыз. Бара жатқан орныңызды алдын-ала зерттеп, тіпті кадрды қағазға да салуға болады. - Детальдарға назар аударыңыз, олардың түсірілім кезінде шешуші рөл атқаратын байқампаздық қажет. Обьективке қосымша деталь мен кейіпкер алсаңыз, репортаждың мазмұны ащыла түседі. Адамдар эмоциясы оқиғаның өзектілігін барынша көрсетеді. - Барлығы да фотографтың батылдығына байланысты. Сапалы түсірілімге қоршаған ортаңызды түсінбеушілік және билік өкілдерінің бөгет жасауға тырысуы да кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда тартымдылық пен қайсарлыққа дейінгі барлық қабілеттеріңізді пайдалануға тырысыңыз. - Барынша көзге түспеуіңіз керек. Камерамен келіп, бірден көпшіліктің көз алдында жарқылдата берудің қажет жоқ. Барынша максималды ұқыпты болыңыз. Кейде екі-үш суреттің өзі жеткілікті болады. Фотограф болғаныңыз үшін ғана біреудің жеке кеңістігіне бас сұғуға болмайды.Бас кейіпкерлермен жұмыс істей біліңіз
Фоторепортаж кезінде атап өту қажет екі аспект бар: түсірілім кейіпкерлерімен және басқа фотографтармен қарым-қатынас. Фотографтың адамдармен байланысы кезіндегі басты ереже - сіздің еркіндігіңіз өзге адамның еркіндігі басталатын жерден аяқталатындығын ұмытпау. Бұл түсірілім кезіндегі жеке өмірге және туындыларыңызды жариялайтын кезге де қатысты. Бірақ ұмытпаңыз, сіздің қолыңызда әлемді өзгере алатын құралдар бар: фотокамера және авторлық көзқарасыңыз. Таныс емес адамдарды түсіретін сәттер енді бастап келе жатқан фотографтар үшін нағыз сынақ тәрізді болады. Көшедегі адамдармен байланыс орнатып, суретке түсіру үшін бірінші кезекте олардың не үшін қажет екендіктерін есіңізге алыңыз. Пресса мен папарацци көптеген жылдар бойы фотографтарға деген күдікті оятып, елді сақ болуға мәжбүрлеп келеді. Шынайы болыңыз, тапсырма орындап жүргеніңізді айтыңыз. Олар сізге сенгенде ғана, сіз қалағаныңызды аласыз.Бірінші қадамды, бірінші кадрды бастау қиын. Ары қарай өздігінен жалғасып кетеді. Елеусіз сыртылдатып, "ұрлап түсіруге" болады немесе ашық түрде өзгелерден ұрыс естимін деп қорықпастан түсіре беруге болады. Екі таңдау кезінде шынайылық сізге кең мүмкіндіктер ашатындығын ұмытпаңыз.
Керек кеңестер
- Түсірілім орнына шара басталмастан бұрын ертерек келіңіз. Бұл сізге түсірілім орындарын алдын-ала жобалап алуға, қызықты ракурстар таңдауға мүмкіндік береді.
- Егер адамдар топтық сурет жасауды өтінсе бас тартпаңыз. Оларға сізбей байланысу үшін байланыс номеріңізді немесе визиткаңызды қалдырып кетіңіз. Бұл - тегін пиар!
- Кадрлерді үнемдемеңіз. 1000 кадр болса да түсіріп, арасынан ең қызықтыларын таңдап алу жеңіл болады. Көп флешка сатып алыңыз,
- Әрдайым күліп жүріңіз. Адамдарға ұнап, олармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру керек.
- Қимыл-қозғалыс, динамика көбірек болатын бірнеше сурет түсіріңіз. Тіпті сурет көмескі болсын. Қозғалыс - өмір.
- Суреттерді, қандай да бір бағдарламада, мәселен, Adobe Lightroom-да өңдеу кезінде ақ балансының, түрлі суреттердегі бір деталь түстерінің бірдей болуына назар аударыңыз.
- Адамдар түрлі-түстіні жақсы көреді. Сондықтан өңдеу кезінде суреттеріңіздің қанық болуын қадағалаңыз (егер идеяңыз қажет етпесе).
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024