Лондон. 9 тамыз. 7kun.kz - Пилотсыз ұшақтарға ауысу әуе компанияларына қаржы үнемдеуден, ұшудағы қауіпсіздікті деңгейін де көтереді. Бұл туралы UBS сарапшылары хабарлады.
Сарапшылардың бағалауынша, әуе тасымалдаушылар жаңа әуе лайнеріне ауысу арқылы 35 млр доллар үнемдейді. Оны автоматты жүйе басқарады. Financial Times-тың мәліметінше, мұндай жағдайда компаниялар пилоттарға жалақы төлемейді және отын мен сақтандыру шығындары азаяды.
Дегенмен, бұл процесстің жүзеге асуына басты кедергі - тұтынушылардың автопилотқа сенімсіздігі. Жақын арада жүргізілген сауалнамаға сәйкес 8000 респонденттің 54 пайызы робот басқаратын ұшаққа отырмайтындарын айтты. Олардың тек 17 пайызы ғана мұндай ұшу тәсіліне келісетінін жеткізді.
Ал 18-30 жас аралығындағы сауалнамаға қатысушылардың 30 пайызы мұндай өзгерістерге дайын екенін және ұшуды роботтандыруға қарсы еместіктерін айтты. UBS сарапшылары, уақыт өте бұл тұрғыда қоғам ойы өзгереді деген болжам жасады.
Америкалық әуе-ғарыш концерні Boeing Co. бұған дейін мұндай технологияларға қызығушылық танытқан болатын. Ал өткен аптада ұшақтрға арналған борттық радиоэлектронды аппаратты құрастырумен айналысатынын хабарлады. 2017 жылдың маусымында Boeing вице-президенті Майк Синнет қазіргі уақытта нарықта құны 1000 долларлық дрондардың пайда болғанын айтты. Яғни, пилотсыз ұшақ технологиясының барлық базалық элементтері қолжетімді.
Қазіргі уақытта коммерциялық ұшақтардың пилоттары басқа операциялар үшін ұшу мен қонуда компьютерлік жүйелерді белсенді пайдаланып келеді.
UBS сарапшыларының ойынша, бастапқыда әуе компаниялары коммерциялық рейстердегі пилоттар санын 2 адамнан 1 адамға қысқартады. Ол пилот алғашқы уақытта жердегі диспетчерлік пунктен ұшуды басқаруға көмектеседі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024