Астана. 1 қазан. 7kun.kz – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан Нұрлан Әуесбаев президенттікке ұсынылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Астанада өткен ЖСДП-ның ⅩⅠⅩ кезектен тыс съезінде партиялықтар алдағы президент сайлауына үміткер ретінде Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдады.
«Съезд Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат етіп сайлау туралы шешім қабылдады», – деді партия төрағасы Асхат Рахымжанов.
Нұрлан Әуесбаев – ЖСДП елордалық филиалының басшысы, 1957 жылы туған. Түркістан облысында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Ұзақ уақыт жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.
Еске салайық, кеше «Ауыл» партиясы атынан президенттікке кандидат ретінде Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы ұсынылғаны хабарланды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024