Нұр-Сұлтан. 11 мамыр. 7kun.kz – Өткен жылы тұтынушылық несиелер 40 пайызға өскен. Одан бөлек, кредит алып, оны өтей алмай жатқандардың саны да көбейді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Парламент Мәжілісіне келіп журналистер сұрағына жауап берген Мәдина Әбілқасымова тағы бір жақсы жаңалықты жеткізді. Ол - проблемалық несиелері бар қазақстандықтарға қатысты. Шамамен, бір жарым миллион адамға жеңілдік жасалуы мүмкін.
«Біз барлық банктерге, микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға проблемалық қарызы барлардың санын төмендету бойынша жеке жоспарлар әзірлеу жөнінде талаптар қойдық. Олар осы берешек соманы қайта қарау және реттеу жөнінде арнайы шаралар қабылдауы тиіс. Онда кей азаматтар үшін кредит кешірілуі мүмкін, кейбіреулер үшін қарыздың басым бөлігі төленген болса, кредит төлеу тоқтатылуы мүмкін», - деп атап өтті Әбілқасымова.
Сондай-ақ, агенттік төрағасы шектен тыс артық пайыздарымен танымал онлайн-микрокредит беру ұйымдары үшін 56%-дық бірыңғай мөлшерлемені белгілейтінін хабарлады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024