Астана. 29 желтоқсан. 7kun.kz – Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты іс бойынша басқа да эпизодтар тергеліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сарқұлов журналистердің Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты басқа да тергеу жүріп жатыр ма деген сұрағына жауап берді.
«Иә, қазір тексеріліп жатыр. Кеше біз баспасөз қызметі арқылы ресми ақпарат ұсындық. Жалпы активтерді қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жалпы 600 млрд теңгеден астам қаржы мемлекет бюджетіне қайтарылды, бұл активтер мен қолма-қол ақшалар», – деді Антикор басшысының орынбасары.
Оның айтуынша барлық қылмыстық істер Бас прокуратураның бақылауында.
«Қылмыстық істердің барлығы Бас прокуратураның бақылауында. Біз тергеу құпиясы бар екенін түсінуіміз керек, біздің айтқан сөздеріміз тергеуге кедергі келтіруі мүмкін. Ең бастысы, жазықсыз адамдар жазаланбауы үшін, түрлі сұрақтар туындамауы үшін бәрінің заңнамалық негізі, дәлелді базасы бар, бәрі осыған байланысты», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024