Алматы. 8 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында (KASE) бір ай ішінде төрт эмитенттің қағаздары арзандады. Бұл туралы KASE сайтында хабарлады.
KASE сауда-саттығының қорытындысы бойынша 8 сәуір мен 6 мамыр аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қағаздары – 9,6% (1259,9 теңге), Халық банкі – 6,6% (105,1 теңге), KAZ Minerals – 6,2% (3203,3 теңге) арзандады. Сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ акциясының да құны төмендеді.
Бұдан басқа, бір айда KEGOC акциялары 2,6%-ға қымбаттап, 1656 теңгеден саудаланды. Сондай-ақ, Kcell (+1,7%) және ЦентрКредит Банкінің (+1,3%) қағаздары қымбаттады.
Жалпы, KASE индексінің мәні бір айға 4,8%-ға төмендеп, 2334,3 пункт белгісінде бекітілді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024